Сапар барысында жұмыс тобы стансаның қазіргі жай-күйін, жабдықтардың техникалық жағдайын, мұнай көлемін есепке алу торабын, сондай-ақ шикізатты тасымалдау және жеткізу үдерісін қарап шықты. Сонымен қатар, мұнай сақтауға арналған резервуар парктері мен басқару орталығы сияқты маңызды нысандарды аралады.
Кездесу барысында Ғ. Жусанбаев «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының басшысы Марлен Төлегеновпен мұнай жеткізу және есепке алу көлемі, энерготиімділік, сорғылардың тозу деңгейі және басқа да маңызды мәселелерді талқылады.
Н. Шманов атындағы мұнай айдау стансасы – Маңғыстау өңірінен Атырау мұнай өңдеу зауытына мұнай тасымалдайтын маңызды нысан. Ай сайын станса арқылы АМӨЗ-ге 480 мың тонна шикі мұнай жеткізіледі.
Back to news list