АМӨЗ-де өрт қауіпсіздігі бойынша шеберлік сабағы өтті

26.07.2024
871 views
АМӨЗ-де өрт қауіпсіздігі бойынша шеберлік сабағы өтті
Атырау мұнай өңдеу зауыты және мердігер компаниялар қызметкерлерінің 50-ге жуық балалары өрт қауіпсіздігі бойынша интерактивті шеберлік сабағына қатысты. 
Іс-шара «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Батыс филиалының №14-ші өрт сөндіру бөлімінде өтті. АМӨЗ-дің өрт, газ қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары кішкентай қонақтарға жылжымалы өрт сөндіру техникасының жұмысын таныстырып, алғашқы және стационарлық өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін көрсетті. Шартты түрде орын алған тұтануды ауыздықтау барысында кәсіби өрт сөндірушілердің кедергілерден өту шеберліктері, арнайы өрт сөндіргіш құралдарды пайдалану тәртібі, су беру процесі мен зардап шеккендерді құтқару дағдылары көрсетілді.

«Біз мұндай іс-шараны алғаш рет өткізіп отырмыз. Балалардың реакциясынан-ақ оларға қызық екенін байқадық. Бүгінгі шеберлік сабағы бүлдіршіндердің экстремалды жағдайларда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көмектесетініне сенемін», - деп атап өтті АМӨЗ-дің өрт және газ қауіпсіздігі жөніндегі жетекші инженері Григорий Заржевский. 

Шеберлік сабағына қатысқан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балаларға өрттің шығу себептері мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін түсіндіріп, төтенше жағдайлар қызметінің байланыс нөмірлерін естеріне салды.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe