Атырау мұнай өңдеу зауытының резервуарларына понтон орнату жұмыстары жалғасуда

26.12.2023
408 views
Атырау мұнай өңдеу зауытының резервуарларына понтон орнату жұмыстары жалғасуда
Атырау-мұнай өңдеу зауытында қолданыстағы мұнай және мұнай өнімдері резервуарларын понтондармен жабдықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Понтон – сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарлардың ішіне орнатылатын қалқымалы шатыр. Ол өнімнің булануына және азаюына жол бермейді, сапасын сақтауға көмектеседі, нысандағы өрт және жарылыс қаупін төмендетіп, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтады. Резервуарларға понтон орнату жұмыстары үздік қолжетімді техникалар анықтамалығы жобасында қарастырылған. Конструкцияны АМӨЗ-дің арнайы тапсырысы бойынша Maxwell Continental Tank Serv Engineering B.V. (Нидерланды) компаниясы жасады. 
Технологиялық шығын мен қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2023 жылы алты резервуарды понтондармен жабдықтау жоспарланды. Сәуір-қараша айларында зауыттың және мердігер компаниялар қызметкерлерінің күшімен резервуарларды ашу, босату, жөндеу, тазарту және түбіндегі қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілді. Қазан айында екі резервуарға понтондар орнатылды. Бензин мен мұнай сақтауға арналған төрт резервуар жыл соңына дейін жабдықталады. 
Еске сала кетейік, 2022 жылы тауарлық бензин сақтауға арналған әрқайсының көлемі 5000 текше метр болатын үш цистернаға қалқымалы шатыр орнатылды. Қолданыстағы резервуарларды жабдықтау бағдарламасына сай 2025 жылдың соңына дейін барлығы 14 сыйымдылыққа понтон орнату жоспарда бар.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe