Ақпараттық хабарлама

03.04.2023
1283 views
Атырау МӨЗ» ЖШС технологиялық режимнің бұзылуы, атап айтқанда жанармай газына сұйықтықтың түсуі салдарынан баяу кокстеу қондырғысындағы П-2 пешінің жану режимінің бұзылу фактісі тіркелді.
Сағат 10:32-де қысқа мерзімді түтіндеу орын алып, 10:47-де түтін толықтай сөндірілді.

Аталған оқиғамен қатар сағат 10:40 және 11:10-да АО «KEGOK» тарапынан электр энергиясы кернеуінің төмендетілуіне байланысты ароматты көмірсутектерді өндіру және гидрогенизациялық процестер өндірісі технологиялық қондырғыларындағы динамикалық жабдықтардың бір бөлігі тоқтатылып, қайта іске қосылды. 

  Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe