Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері IPO бағдарламасының қатысу мүмкіндіктерімен танысты

22.09.2022
578 views
Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері IPO бағдарламасының қатысу мүмкіндіктерімен танысты
22 қырқүйекте «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлеріне IPO бағдарламасын ұсынды.
22 қырқүйекте «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері
Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлеріне IPO бағдарламасын ұсынды.
Шарада «Қазпочта» АҚ, Қазақстандық брокерлік-дилерлік ұйымдар мен AIX және KASE биржаларының өкілдері сөз сөйледі.  Олар «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялары IPO-сының іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO кандидаты - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен бөлісті. Ұйымдастырушылар IPO ұлттық компанияларды жекешелендірудің ең ашық тәсілдерінің бірі екенін атап өтті. Бұл ретте компаниялардың акцияларының бақылау пакеттері олар қор нарығына шыққаннан кейін «Самұрық-Қазына» қоры арқылы мемлекет меншігінде қалады.
Сонымен қатар сарапшылар зауыт қызметкерлерінің инвестициялық тәуекелдер, акцияның бағасы, дивидендтерді төлеу әдістері және т.б сауалдарына жауап қатты.
Брокерлік ұйымдар тарапынан спикерлер әлеуетті инвесторларға алаяқтық қауіп туралы ескертті және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, KASE Қазақстан қор биржасының және Astana International Exchange (AIX) биржасының сайттарында брокерлік лицензиясының болуын тексеруді ұсынды.
Баспасөз қызметі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe