Атырау МӨЗ технологиялық қондырғыларында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізіледі

22.08.2022
1374 views
2022 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес Атырау МӨЗ-да 27 технологиялық қондырғыда жөндеу-алдын алу жұмыстары басталады

     2022 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес Атырау МӨЗ-да 27 технологиялық қондырғыда жөндеу-алдын алу жұмыстары басталады.

  Жоспарлы-алдын ала жөндеу қондырғылардың жобалық көрсеткіштеріне қол жеткізу, экологиялық параметрлерді жақсарту және автоматтандыру құралдарын ретке келтіру мақсатында технологиялық, компрессорлық және динамикалық жабдықты қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.

      ҚР Энергетика Минситрлігі бекіткен өндірістік бағдарламаны орындауға байланысты, ҚР нарығында жанар-жағармай майдың  тапшылығын болдырмау үшін Атырау МӨЗ жөндеу жүргізу басталғанға дейін қажетті резерв дайындайды. Технологиялық объектілерді жөндеу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

     Жоспарлы жөндеу кезеңінде қондырғыларда мынадай жұмыстар жүргізіледі: катализаторларды ауыстыру, ішкі инспекция, реакторлық, ыдыстық, колонналық, жылу алмасу жабдығы мен құбыр жолдарын тексеру және куәландыру.

       АМӨЗ -ын тұрақты жұмыс режиміне шығару кезең-кезеңмен 2022 жылғы қарашаның бірінші онкүндігіне дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр

Баспасөз қызметі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe