«Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС және "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ( Шымкент қаласы) жетекшілері мен мамандары іссапарда болды

07.03.2014
1020 views
Атырау мұнай өңдеу зауытында ароматикалық көмірсутектер шығару кешені және мұнайды тереңдетіп өңдеу құрылысын ұйымдастыру ісімен танысу мақсатында 3-5 наурыз аралығында «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС және "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ( Шымкент қаласы) жетекшілері мен мамандары іссапарда болды.

Зауытта «АМӨЗ» ЖШС күрделі құрылыс және қайта жаңғырту жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Кейкіннің төрағалығымен старттық мәжіліс өтіп, сапардың мақсаты мен бағдарламасы белгіленді. Сондай-ақ, кешендердің технологиялық ерекшеліктері, жобалық құжаттарды қабылдау және ресімдеу жолдары, жобаларды жүзеге асыру барысында WBS қолдану, салынып жатқан нысандарды техникалық қадағалау, авторлық қадағалауды ұйымдастыру, шетелдік жұмыс күшін тарту, капиталдық салымның игерімін ай сайын есепке алу және бақылау, жабдықтар мен материалдарды қабылдау процедуралары, төлем, несиегер-банктермен қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

Қонақтар зауыттың департамент басшылары, бас мамандарымен кездесіп, түрлі бағытта жан-жақты ақпарат алды. Сондай-ақ, құрылыс алаңдарын аралап, сапар соңында атыраулық мұнай өңдеушілерге алғыстарын білдірді.


Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe