Мұнай өңдеушілер экологиялық тимбилдингке қатысты

15.03.2025
218 views
Мұнай өңдеушілер экологиялық тимбилдингке қатысты
Атырау мұнай өңдеу зауытында кәсіпорынның 80 жылдығын тойлау аясында «Табиғат – біздің үйіміз, зауыт – отбасымыз» атты экологиялық тимбилдинг өтті. Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігімен тұспа-тұс келген тазалық акциясына «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Жусанбаев бастаған 100-ге жуық қызметкер қатысты.

Күрек пен тырма алып, қапшықтарын арқалаған мұнай өңдеушілер таңмен қызу жұмысқа кірісті. Зауыт аумағын абаттандырып, тазалық акциясына белсенділік танытты. Олар көңілді әуен ырғағымен өндірістік нысандар мен әкімшілік-әлеуметтік ғимараттар айналасын, саябақтарды тазартып, жол бойындағы ағаштарды әктеді. Бір жарым сағат уақыт ішінде жұмысшылар шамамен 12 текше метр күл-қоқыс жинады.

Зауыттың Бас директоры Ғ. Жусанбаев әрбір қызметкер өзі еңбек ететін нысан аумағының тазалығына жауапты екенін баса айтты. 2 500-ден астам адамның екінші үйіне айналған зауыттың санитарлық жағдайын жақсарту - ортақ міндет екенін тілге тиек етті. Тазалық акциясының соңында қатысушыларға Ораза-бокстар таратылды.

Айта кеткен жөн, Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдық мерейтойы аясында қызметкерлер мен экобелсенділерінің қатысуымен бірқатар экологиялық шаралар жоспарланған.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe