Зауыт жастары ардагерлерге қонаққа барды

18.10.2024
685 views
Зауыт жастары ардагерлерге қонаққа барды
Жылдағы дәстүрге сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауыты жас мамандар кеңесінің белсенділері кәсіпорынның әлсіз топқа жататын ардагерлеріне қонаққа барып, қарттар күнімен құттықтады.

Жас зауыттықтар қариялардың мұнай өңдеу саласына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, құрметтерін білдірді.

«Сіздердің еңбектеріңіз — Атырау мұнай өңдеу зауытының бүгінгі жетістіктерінің негізі. Біз сіздер бастаған істі мақтанышпен жалғастырып келеміз және ұрпақтар сабақтастығын одан әрі нығайтуға тырысамыз», — деді зауыт белсенділері.

Кездесу барысында ардагерлер еңбек жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, қонақтарға ілтипаттары үшін алғыс айтып, зауыт ұжымының еңбегіне жеміс тіледі. Мерекеге орай 65 ардагерге ақшалай көмек көрсетілді.

Өткен аптада АМӨЗ ардагерлері арасында волейболдан мерекелік турнир өтті. Жарыс жүлдегерлері диплом және қаржылай сыйақымен марапатталды.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe