Жас зауыттықтар қариялардың мұнай өңдеу саласына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, құрметтерін білдірді.
«Сіздердің еңбектеріңіз — Атырау мұнай өңдеу зауытының бүгінгі жетістіктерінің негізі. Біз сіздер бастаған істі мақтанышпен жалғастырып келеміз және ұрпақтар сабақтастығын одан әрі нығайтуға тырысамыз», — деді зауыт белсенділері.
Кездесу барысында ардагерлер еңбек жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, қонақтарға ілтипаттары үшін алғыс айтып, зауыт ұжымының еңбегіне жеміс тіледі. Мерекеге орай 65 ардагерге ақшалай көмек көрсетілді.
Өткен аптада АМӨЗ ардагерлері арасында волейболдан мерекелік турнир өтті. Жарыс жүлдегерлері диплом және қаржылай сыйақымен марапатталды.
Назад к списку новостей