АМӨЗ-де коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алу науқаны жалғасуда

09.07.2021
1136 views
АМӨЗ-де коронавирустық инфекцияға  қарсы екпе алу науқаны жалғасуда
АМӨЗ-де коронавирустық инфекцияға  қарсы екпе алу науқаны жалғасуда

Қазіргі уақытта зауыт қызметкерлерінің 48% - ы бірінші компонентті алды. Сонымен қатар, зауыттың аутсорсингтік және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері де белсенді  түрде Covid-19 қарсы екпе алуда.


- Қазіргі таңда зауыт қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне ресейлік "Спутник V (Гам-Ковид-Вак)" вакцинасымен, сондай-ақ Hayat-Vax және CoronaVac екпелері салынуда. Қызметкерлердің көпшілігі өз денсаулығы мен әріптестерінің денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайды және пандемияны ұжымдық иммунитетке қол жеткізу арқылы ғана тоқтатуға болатынын түсінеді", – деп бөлісті зауыт сауықтыру пунктінің меңгерушісі Галина Әубекерова.


Зауыт аумағында дер кезінде енгізілген шаралардың арқасында адамдардың жаппай коронавирус инфекциясын  жұқтыруына жол берілмеді. Барлық қызметкерлер  маска режимін сақтайды және COVID-19 қарсы антиденелерді үнемі тексеріп отырады. Сондай-ақ, зауыт кіре берісі температураны өлшеуге арналған тепловизорлармен жабдықталған және барлық цехтар мен көліктерге үнемі күнделікті  түрде дезинфекция жүргізіледі.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe