Қазіргі уақытта зауыт қызметкерлерінің 48% - ы бірінші компонентті алды. Сонымен қатар, зауыттың аутсорсингтік және мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері де белсенді түрде Covid-19 қарсы екпе алуда.
- Қазіргі таңда зауыт қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне ресейлік "Спутник V (Гам-Ковид-Вак)" вакцинасымен, сондай-ақ Hayat-Vax және CoronaVac екпелері салынуда. Қызметкерлердің көпшілігі өз денсаулығы мен әріптестерінің денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайды және пандемияны ұжымдық иммунитетке қол жеткізу арқылы ғана тоқтатуға болатынын түсінеді", – деп бөлісті зауыт сауықтыру пунктінің меңгерушісі Галина Әубекерова.
Зауыт аумағында дер кезінде енгізілген шаралардың арқасында адамдардың жаппай коронавирус инфекциясын жұқтыруына жол берілмеді. Барлық қызметкерлер маска режимін сақтайды және COVID-19 қарсы антиденелерді үнемі тексеріп отырады. Сондай-ақ, зауыт кіре берісі температураны өлшеуге арналған тепловизорлармен жабдықталған және барлық цехтар мен көліктерге үнемі күнделікті түрде дезинфекция жүргізіледі.
Назад к списку новостей