About the company
Vacancies
Press center
Сompliance
Ombudsman
About the company
About the company
Governance
History
Ecology and Safety
Policy of quality, labour and environmental protection
Project TAZALYQ
Еnvironmental protection
Программа по энергоэффективности
Выбросы в атмосферу загрязняющих веществ
Выбросы в атмосферу парниковых газов
Управление отходами производства и потребления
Оценка воздействия на окружающую среду
Labour protection
Industrial Safety
Fire safety
Производственный экологический мониторинг
Product
Unclaimed liquid and illiquid reserves
Production
Electrical desalting plant Atmospheric Unit 2
Electrical desalting plant Atmospheric Vacuum Unit 3
Catalytic reforming Unit ЛГ-35-11/300-95
Catalytic reforming with continuous regeneration of catalyst and benzene extraction unit
Complex for Production of Aromatic hydrocarbons
Hydrotreating and Isomerization Unit
Hydrotreating Unit and Diesel fuel dewaxing
Hydrogen production and purification unit
Delayed Coker Unit
Petroleum coke calcining Unit
Sulfur production unit with crystallization block
Technical nitrogen production unit
Gas-Reagent Unit
Waterblock
Biological wastewater treatment Unit
Mechanical wastewater treatment Unit
Total flare system and flare system of acid gases
Сooling tower of circulating water supply
Thermal power station
Commodities shop
Testing center (TC) «Central Laboratory»
GTES
ISO
Objectives and tasks
Certificates
Social sphere
House Construction
Medicine
Health Insurance Program
Holidays for children
Training
Dining rooms
Taking care of veterans
Hall of history and Labor Glory
Technical Library
Cultural work
Social Support
Sport work
Assets
Procurement
Annual Procurement Plan
Long-term Procurement Plan
Normative Documents
Additional Information
Procurement Archive
Procurement
Modernization
Deep oil refining complex
Complex for production of aromatic hydrocarbons
Reconstruction of the workshop №8
Bank of Ideas
Blog
Written requests
About the company
Vacancies
Press center
Сompliance
Ombudsman
Рус
Қаз
Eng
Main
Press center
News
«ӨЗ ҚЫЗМЕТІМЕ АДАЛ ЕҢБЕК ЕТЕМІН»
«ӨЗ ҚЫЗМЕТІМЕ АДАЛ ЕҢБЕК ЕТЕМІН»
13.10.2017
1287 views
Жастар... Әдетте, аға буынның сынайтыны да, үміт артатыны да, тіпті тұтас мемлекеттің болашағы да осынау топ. Жастар – кез келген қоғамның қозғаушы күші һәм келешегі. Жастардың білімі мен білігі, арманы мен аңсары, бәсекеге қабілетті болуы – мемлекеттің де тұрақты дамуының кепілі. Сондай жастардың бірі – Тимур Байбусинов. Ол зауытішілік «Үздік маман» байқауында «Үш жылдан кем жұмыс тәжірибесі бар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Осы орайда біз де Тимурмен сұхбаттасқанды жөн көрдік.
– Тимур өзің қай жақтың тумасысың? Өзің жайлы айтып берсең?
– Әуелі өзіме келер болсам, биыл алғаш кірпіші қаланғанына 377 жыл толып отырған қазыналы қала, мұнайлы мекен, өндірісті өңір, күй елі, жыр елі – Атырау өлкесінде туып-өскенмін. Осындағы жалпы орта білім беретін №24 мектепте білім нәрімен сусындадым. Қазір Вокзал маңы мөлтекауданында тұрамын.
– Тимур, бұл қызметке қалай келдіңіз?
– Атырау мұнай және газ университетінде, ол кезде институт болатын, 2 курста оқып жүрген кезім еді. Бір күні Атырау мұнай өңдеу зауытынан мамандар келіп, «Жас маман» бағдарламасы бойынша студенттер арасында тест сынағын өткізді. Сөйтіп, ең жоғары нәтиже көрсеткендерімізді іріктеп алды. Олардың ішінде мен де болдым. Кейін сол үздіктер, яғни, біздер әңгімелесуге шақырылдық. Соның негізінде артынша шәкіртақы тағайындалып, тұрақты төленіп отырды. Осылайша, мен алғашқы шәкіртақы иегерлерінің қатарына іліктім.
– Бұл қызмет сізге несімен ұнайды?
Жоғары оқу орнындағы оқуым аяқталған соң, мені дереу аталған кәсіпорынға, яғни, Атырау мұнай өңдеу зауытына қызметке шақырды. Сөйтіп, екі қолға бір күрек таптым. Биыл осы мекемеде табысты еңбек етіп келе жатқаныма үш жыл толады. Бұл бір қарағанда, біреуге аз көрінгенімен, мен үшін біраз тәжірибе жинап үлгерген мерзім болды.
– Осы салада өзіңіздің үлгі тұтар адамдарыңыз бар ма?
– Менің үлгі тұтар адамым деп, каталитикалық крекинг бөлімінің бастығы С.А.Посохинді айта аламын. Ол маған жұмыс барысында қамқорлығын аямаған, бар білгенін үйретеді. Оған деген алғысым шексіз.
– Осы қызметті атқарған уақытта қандай жетістікке қол жеткіздіңіз? Бұл дүбірлі додада есіңізде қалатындай сәтіңізбен бөліссеңіз?
– Ал, бұл байқау туралы айтар болсам, ол өте жоғары деңгейде өтті. Қалай болғанда да, ұтқыр ұйымдастырылғаны айқын көрініп-ақ тұр. Мұндай шараға алғаш қатысып отырмын. Қатысушылардың әрқайсысы алдымен теориялық білімін, кейін тәжірибе барысында біліктілігін де сарапқа салды. Ерекше әсерге бөлендім. Игі іс одан әрі де жалғасын тапқай деген тілек айтқым келеді.
– Осы салада қызмет ететін адамның өмірлік ұстанымы қандай болуы керек?
– Менің ойымша кез-келген қызметте өзіндік ұстанымдар болуы керек. Өз әріптесіне көмектесу, білгеніңді түсіндіру, бірігіп жұмыс жасау деген принциптер алғашқы орында тұруы қажет. Өйткені ұжым болғасын, оның үстіне өндірістік ұжымда қарама-қайшы пікірлер, түсініспеушіліктер болатыны заңды. Осындай сәттерде өзара түсіністік танытуға, ортақ шешімге келуге тура келеді. Жедел шешім қабылдау, салқынқанды болу деген қағидаларды ұстану шарт.
- Зауыт басшылығына, әріптестеріңізге тілегіңіз бар ма?
– Зауыт басшылығына үлкен алғысымды айтамын. Өйткені зауытішілік бағдарламалар, жобалар мен мәдени-көпшілік шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады. Бұл деген әлеуметтік бағыттың, жастар саясатының дұрыс жолға қойылғандығының айғағы. Екіншіден, маған сенгені үшін, мені қолдағаны үшін өз ұжымыма алғыс айтамын.
- Сұхбатыңызға рахмет! Жеңісті сәттеріңіз көп болсын!
Абай АБЫЛАЙҰЛЫ
Share on social networks:
Back to news list
News
Photogallery
Videogallery
Corporate Media
All
AMOZ Alemi newspaper
Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe
Newsletter subscribtion
Email
*
Subscribe
Close
Log in to profile
Login
Password
Forgot your password?
or
sign up
Password recovery
E-Mail:
*