About the company
Vacancies
Press center
Сompliance
Ombudsman
About the company
About the company
Governance
History
Ecology and Safety
Policy of quality, labour and environmental protection
Project TAZALYQ
Еnvironmental protection
Программа по энергоэффективности
Выбросы в атмосферу загрязняющих веществ
Выбросы в атмосферу парниковых газов
Управление отходами производства и потребления
Оценка воздействия на окружающую среду
Labour protection
Industrial Safety
Fire safety
Производственный экологический мониторинг
Product
Unclaimed liquid and illiquid reserves
Production
Electrical desalting plant Atmospheric Unit 2
Electrical desalting plant Atmospheric Vacuum Unit 3
Catalytic reforming Unit ЛГ-35-11/300-95
Catalytic reforming with continuous regeneration of catalyst and benzene extraction unit
Complex for Production of Aromatic hydrocarbons
Hydrotreating and Isomerization Unit
Hydrotreating Unit and Diesel fuel dewaxing
Hydrogen production and purification unit
Delayed Coker Unit
Petroleum coke calcining Unit
Sulfur production unit with crystallization block
Technical nitrogen production unit
Gas-Reagent Unit
Waterblock
Biological wastewater treatment Unit
Mechanical wastewater treatment Unit
Total flare system and flare system of acid gases
Сooling tower of circulating water supply
Thermal power station
Commodities shop
Testing center (TC) «Central Laboratory»
GTES
ISO
Objectives and tasks
Certificates
Social sphere
House Construction
Medicine
Health Insurance Program
Holidays for children
Training
Dining rooms
Taking care of veterans
Hall of history and Labor Glory
Technical Library
Cultural work
Social Support
Sport work
Assets
Procurement
Annual Procurement Plan
Long-term Procurement Plan
Normative Documents
Additional Information
Procurement Archive
Procurement
Modernization
Deep oil refining complex
Complex for production of aromatic hydrocarbons
Reconstruction of the workshop №8
Bank of Ideas
Blog
Written requests
About the company
Vacancies
Press center
Сompliance
Ombudsman
Рус
Қаз
Eng
Main
Press center
News
«Тілдарын» сайысында топ жарды
«Тілдарын» сайысында топ жарды
04.10.2016
1409 views
Қазан айының басында «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында, облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен төртінші «Тілдарын- 2016» аймақтық олимпиадасы өтті. Үш тілді, яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында өткізілген шараға жергілікті ірі кәсіпорын қызметкерлері, жоғары оқу орындарының және колледж студенттерінен 12 үміткер қатысты. Байқау шарты берілген тақырыптың мазмұнын ашу, эссе жазу, мәтінге ілеспе аударма жасау секілді тапсырмаларды қамтыды.
Байқаудың үздіктері тілді меңгеру деңгейі мен жазу сауаттылығына және сөйлеуіне байланысты анықталды. Байқауға Атырау мұнай өңдеу зауытынан екі үміткер бақ сынады. Олар: мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені техникалық қондырғысының операторы Әл-Фараби Рзағалиев және Орталық зауыт зертханасының химиялық сараптама лаборанты Дамира Қосымбаева. Кәсіпорын атынан қатысушыларға қойылған талап күнделікті өндірісте қолданылатын терминдерден басқа үш тілде жетік сөйлей алатындықтарын көрсете білу. Айтулы бәйгеге түскендердің білімдерін облысқа белгілі тіл мамандары сынға алды. Сайыс әр тіл бойынша үш кезеңді қамтыды. Алдымен сайыскерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты дәрежеде меңгергендіктері айқындалды. Үміткерлер билет суырып, берілген тақырып бойынша әңгімелеп берді. Екінші кезең белгілі бір тақырып бойынша эссе жазу. Оған 15 минут берілді. Үшінші кезең бойынша қатысушылар бір-бірлеп қазылар алқасының алдына шығып, қазақ тіліндегі мәтінді орысшаға ілеспе аударма жасады.
Осылайша олимпиаданың бірінші кезеңі аяқталғанда, оның қорытындысына сәйкес 12 үміткердің 7-еуі ғана сайысты жалғастыру мүмкіндігін алды. Келесі бөлімде сайыскерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейі сарапталды. Әр бөлімнің тақырыптары өзгертілгендігі болмаса, шарттары бірдей. Ілеспе аудармада мәтін ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылды. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша соңғы кезеңге 5 үміткер жолдама алды. Ақтық кезең орыс тілінде өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша Әл-Фараби Рзағалиев жүлделі І орынға лайық деп танылса, Дамира Қосымбаева үздіктердің арнайы Алғыс хатын иеленді. Біздің зауыт қызметкерлерінің топ жарып, жүлделі орындарды иемденуі біз үшін үлкен қуаныш, зор мерей. Атап өткен жөн, «Тілдарын» олимпиадасына қатысуға біздің үміткерлер үшін уақыт тығыз болды. Соған қарамай, дайындыққа бар күшін салып, барлық сынақтан сүрінбей өткен, үш тілде еркін сөйлей алатын жан-жақты маман екендіктерін танытып, зауытымыздың абыройын асқақтатқан Әл-Фараби мен Дамираны жеңістерімен құттықтап, еңбектеріне жеміс тілейміз!
Share on social networks:
Back to news list
News
Photogallery
Videogallery
Corporate Media
All
AMOZ Alemi newspaper
Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe
Newsletter subscribtion
Email
*
Subscribe
Close
Log in to profile
Login
Password
Forgot your password?
or
sign up
Password recovery
E-Mail:
*