Тіл – әрбір ұлттың заңды сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Зауытта мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді қадірлеп, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру бағытында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс жасалып жатыр. Бұл тұрғыда кәсіпорын жанындағы Мемлекеттік тілді оқытып-үйрету Орталығының еңбегі зор. Орталық оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері мерекесінде «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!» атты зауыттықтар арасында айтулы шара өтті. Мақсат-зауыттықтардың мемлекеттік тілде ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Қазақ әдебиетінің бай мұрасымен таныстыру.
Back to news list