Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүргеміз!

28.09.2016
871 просмотров

Тіл – әрбір ұлттың заңды сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Зауытта мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді қадірлеп, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру бағытында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс жасалып жатыр. Бұл тұрғыда кәсіпорын жанындағы Мемлекеттік тілді оқытып-үйрету Орталығының еңбегі зор. Орталық оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері мерекесінде «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!» атты зауыттықтар арасында айтулы шара өтті. Мақсат-зауыттықтардың мемлекеттік тілде ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. Қазақ әдебиетінің бай мұрасымен таныстыру.

Байқау түрінде өткен шараға зауыттағы қазақ (орыс тілінде білім алған), орыс, татар, кәріс, неміс, грек ұлтының өкілдері қатысып мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін, әдеби тілге машықтанғандығын көрсетті. Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да – қазақ тілі және қазақ әдебиеті екенін шын ғылым дәлелдеп берген. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Талай дәуірді бастан өткерген халқымыз ана тілін сақтап қалды, тілдік қорын бұзған жоқ. Оған әрине, қазақ әдебиетінің заңғарлары ажырамас іргетас салды, мықтап діңгегін қақты. Жылда дәстүрлі түрде өтетін Тіл байқауының биылғы тақырыбы төл әдебиетіміздің бәйтерегі Ұлы Абай шығармашылығына арналды.
   Алдымен, сайыстың аталымдарына тоқталайық: 1. «Сәлем-сөздің анасы!»-қатысушылардың өзін- өзі таныстыру. 2. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»- Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу. 3. Абайдың «Қара сөздерінің» мағынасын ашып беру. 4. Абайдың әндерін айту. Қатысушылардың өнері мен мемлекеттік тіл біліктігін тіл жанашыры Алға Хасанова, қызметкерлерді басқару және еңбек ақы төлеу бөлімі бастығының орынбасары Гульяра Өтеғалиева, облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Мәншүк Тастемірқызы, зауыт аудармашысы Қаржаубай Сұлтанғали және Мемлекеттік тілді оқытып-үйрету Орталығының оқытушысы Бибігүл Тоқабасовалардан құралған қазылар саралады.
    Байқаудың алғашқы сатысында қатысушылар өздерінің тегінен бастап жұмыс орнын, отбасын таныстырып шықты. Бірі қара өлеңмен тіл мәйегінен сөз құраса, бірі өз өмірінің мәнінен әңгіме айтты. Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқуда басқа ұлт өкілдерінің қазақ әдебиетіне деген ықыласы, Абай өлеңдерін терең түсіне нақышты орындауы сүйсінтті. Ұлы ақынның «Қара сөздері» қай заман болмасын, қай дәуір болмасын маңызын жоймаған философиялық ойы шұңғыл мағыналы даналық. Данышпанның әрбір «Қара сөзінде» қазақтың кемшілігі, кертарпалығы мен одан шығар жол айқын көрініп-ақ тұр. Сайыскерлер де шама-шарқынша өздері таңдаған қара сөздерді талдап, мағынасын ашуға тырысты. Ал, соңғы аталымда, Абайдың әндерін айту қатысушылардың бәріне оңай болған жоқ. Дауыс ырғағы келіпейтіндердің сайыстың бұл түрінен қалыс қалуына тура келді. Жалпы сайыскерлердің дара ақынның, дана ақынның шығармашылығына деген құштарлығы сезілді. Атап өтелік, байқауға қатысушылардың өнерін жанкүйерлер де саралап, өзіндік бағасын беріп отырды. Ұйымдастырушылар да әр сайыстың арасындағы үзілісте көрермендерді де серігітіп отырды. Оларға Абайдың шығармашылығынан сұрақтар қойылып, жауаптары талданды.
    Сайыс қорытындысында қазылар байқауға қатысты өз ойларымен бөлісті. Бәрі де осындай байқаулардың мемлекеттік тілді дамытуға, өрісін кеңейтуге ықпалы зорын тілге тиек етті. Қатысушылардың өнері ір номинация бойынша бағаланды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар табыс етілді. Сонымен қатар жеңімпаздар зауыт Кәсіподағы комитетінің ақшалай сыйлығымен марапатталатын болады.


   «Сәлем-сөздің анасы» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
І орын -Анар Шаймарданова (МӨӨ АКӨ);
ІІ орын – Матвей Гернер- (МӨӨ АКӨ);
ІІІ орын- Роман Шпак-  (МТӨК).

   «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»- Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу номинациясы бойынша жеңімпаздар:
І орын- Любовь Дворянчик (ЖЭО);
ІІ орын – Азамат Қазанбеков  (МТӨК);
ІІ орын- Марина Артеменко (СҚКӨ);
ІІІ орын- Сергей Ротнов (МӨӨ АКӨ);
ІІІ орын- Светлана Карабасова (ОЗЗ СО).
    Абайдың «Қара сөздерінің» мағынасын ашу номинациясы бойынша жеңімпаздар:
І орын- Айнаш Жұмабаева (СҚКӨ);
ІІ орын- Мұрадым Жұмағалиев (ЖЭО);
ІІІ орын – Виталий Балабанов (МӨӨ ККӨ).

             Абайдың әндерін орындау номинациясы бойынша
Максим Карабасов (СҚКӨ)жеңімпаз танылды.
«Үздік Ұлттық киім» аталымы бойынша
Азамат Қазанбеков (МТӨК)  жеңімпаз танылды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу