Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам отбасыларыңызға ырыс пен береке әкелсін. Құрбан айт мейрамының халық арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Лайым татулықты, мейірімділік, қайырымдылық пен адамгершілікті ту етіп жүрейік. Ел мерейі қашанда үстем болып, халқымыздың ауыз бірлігі арта бергей!
Back to news list