Құрметті зауыттықтар, қадірменді ардагерлер!

09.09.2016
704 просмотров
Сіздерді зауыт Басқармасы атынан Құрбан айт ұлық мерекесімен құттықтаймын!

Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам отбасыларыңызға ырыс пен береке әкелсін. Құрбан айт мейрамының халық арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Лайым татулықты, мейірімділік, қайырымдылық пен адамгершілікті ту етіп жүрейік.
Ел мерейі қашанда үстем болып, халқымыздың ауыз бірлігі арта бергей!



«Атырау МӨЗ» ЖШС
Бас директоры,
Басқарма Төрағасы Қайрат Оразбаев


Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу