About the company
Vacancies
Press center
Сompliance
Ombudsman
About the company
About the company
Governance
History
Ecology and Safety
Policy of quality, labour and environmental protection
Project TAZALYQ
Еnvironmental protection
Программа по энергоэффективности
Выбросы в атмосферу загрязняющих веществ
Выбросы в атмосферу парниковых газов
Управление отходами производства и потребления
Оценка воздействия на окружающую среду
Labour protection
Industrial Safety
Fire safety
Производственный экологический мониторинг
Product
Unclaimed liquid and illiquid reserves
Production
Electrical desalting plant Atmospheric Unit 2
Electrical desalting plant Atmospheric Vacuum Unit 3
Catalytic reforming Unit ЛГ-35-11/300-95
Catalytic reforming with continuous regeneration of catalyst and benzene extraction unit
Complex for Production of Aromatic hydrocarbons
Hydrotreating and Isomerization Unit
Hydrotreating Unit and Diesel fuel dewaxing
Hydrogen production and purification unit
Delayed Coker Unit
Petroleum coke calcining Unit
Sulfur production unit with crystallization block
Technical nitrogen production unit
Gas-Reagent Unit
Waterblock
Biological wastewater treatment Unit
Mechanical wastewater treatment Unit
Total flare system and flare system of acid gases
Сooling tower of circulating water supply
Thermal power station
Commodities shop
Testing center (TC) «Central Laboratory»
GTES
ISO
Objectives and tasks
Certificates
Social sphere
House Construction
Medicine
Health Insurance Program
Holidays for children
Training
Dining rooms
Taking care of veterans
Hall of history and Labor Glory
Technical Library
Cultural work
Social Support
Sport work
Assets
Procurement
Annual Procurement Plan
Long-term Procurement Plan
Normative Documents
Additional Information
Procurement Archive
Procurement
Modernization
Deep oil refining complex
Complex for production of aromatic hydrocarbons
Reconstruction of the workshop №8
Bank of Ideas
Blog
Written requests
About the company
Vacancies
Press center
Сompliance
Ombudsman
Рус
Қаз
Eng
Main
Press center
News
Мемлекеттік тілге машықтандыру - ұлы іс
Мемлекеттік тілге машықтандыру - ұлы іс
07.09.2016
1339 views
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы, оны үйрету, үйрету болғанда басқа ұлттар мен ұлысқа сатылап оқытып-үйрету машақаты зор жұмыс. Осындай жүкті абыроймен арқалап жүрген Атырау мұнай өңдеу зауыты жанындағы тіл үйрету орталығының мемлекеттік тіл мұғалімі Ғалия Исмурзина жуырда өткен облыстық «Үздік оқытушы» байқауының жүлдегері атанды.
Ғалия Қожантайқызын құттықтап барып, аз-кем пікіріне құлақ түрген едік. Оқытушы әрине, осындай байрақты бәсекеге тұңғыш рет қатысқанына және біліктілігін сынағанына қуанышты. Дегенмен, көңілінде кірбің қалғанын жасырмайды. 30 жыл орта мектепте орыс тілінен мұғалім болған маманның, тіл үйретуде білген-түйгені зор. Мемлекеттік тілді оқытып-үйрету оған қиын болған жоқ. Себебі, мемлекеттік тіл-ана тілі. Соңғы екі жылдан бері зауыт жанындағы тіл үйрету орталығының жұмысы көз алдымызда. Нәтижелер баршылық. Зауыт қызметкерлері, әсіресе басқа ұлт өкілдері тіл курстарына қызығушылықпен қатысатын болған. Оның дәлелі түрлі ұлттық мерекелер мен мемлекеттік мейрамдарға байланысты іс-шараларда тіл үйренушілердің белсенді қатысуы.
«...Байқауға қатысу туралы мәлім болғанда шарттарына сәйкес құжаттарымды жинадым. Екі жылдан бері жеткен жетістіктерімді қаттап, оқытушылық тәжірибемнен комиссияға қағаздарымды жібердім. Комиссия байқауға қатысуымды мақұлдады. Тұңғыш рет қатысып отырғандықтан және сайысқа қатысушылармен таныса отырып, таң қалдым. Тіл үйрету орталықтарынан тек екі оқытушы ғана екенбіз. Қалғандары университет, колледж оқытушылары және гимназия, мектеп мұғалімдері. Оның үстіне жергілікті ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ беретіндер. Жалпы сайыс шарттарынан түсінгенім байқау тереңдетіп сабақ беретіндер емес, мемлекеттік тілді үйретушілер арасында болуы тиістігінде. Содан сайыс басталғанда көбі тіл үйретудің тәжірибесі емес, тілді терең меңгергендерді оқыту бағытына ойысты. Мен өз кезегімде қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын басқа ұлт өкілдеріне түсіндіру жайында үлгі сабағын дайындап апарғам. Онда сазгердің бізге белгісіз қырларын, әр шығармасының шығу тарихына мән бердім. Басқа қатысушылармен өзім ұсынған тақырыпты салыстырдым. Барлығы дерлік үйрету емес, терең оқыту жүйесін таңдаған. Тағы бір мәселе, комиссия қоятын бағалар сараланғанда, оқытушының жеткен жетістігі мен біліктілігін арттыру мәселесіне, ғылыми атағына маңыз беріледі екен. Ойлап қараңыз, жоғарыда айттым, бәрі дерлік оқу орындарынан келген. Ғалымдар бар, Астана мен Алматыда тіл дамыту курстарынан білімін жетілдірген сертификаттары жетерлік. Ал, менде тек оқытып-үйрету тәжірибесі. Сонда саралап келгенде менің біліктілігім олардан биік тұрса да, ғылыми атағым жоқ екен, оқу курстарынан өткен сертификатым жоқ. Осылайша, барынша дайындалып, үкілеп барған үмітім желге ұшты. Біліп тұрғанымды, тәжірибемді анық байқаған соң ғана үшінші жүлделі орынға іліктірді. Байқаудың өтуіне көңілім толмады. Сол жерде комиссияға наразылығымды білдірдім де. Кейін қаперге алар, алмас, уақыт көрсетер...»
Әрине, Ғалия Қожантайқызының базынасы орынды. Тіл үйрету орталықтарының оқытушылары мен оқу орындарының мұғалімдерінің оқыту ерекшеліктері басқаша. Байқау біріктірілмей бөлек ұйымдастырылуы керек еді. Тағы бір мәселе, Астана мен Алматы қалаларында біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға зауыт тіл оқытушылары да қатысып, тәжірибе алмасса деген тілек. Оны кәсіпорын басшылығы ескерер деген ойдамыз. Себебі, өмірдің өзі оқу-тоқумен сабақтасып жатыр. Ал, тіл үйретуші мамандар үшін жүйелі білімін жаңғыртып отыру қажет-ақ. Ол тек жаңа жетістіктерге жетелейтіні анық.
Share on social networks:
Back to news list
News
Photogallery
Videogallery
Corporate Media
All
AMOZ Alemi newspaper
Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe
Newsletter subscribtion
Email
*
Subscribe
Close
Log in to profile
Login
Password
Forgot your password?
or
sign up
Password recovery
E-Mail:
*