2014-2022 жылдарға арналған “Атырау МӨЗ» ЖШС даму стратегиясы бекітілді

03.12.2014
1388 views
«Атырау МӨЗ» ЖШС қадағалаушы кеңесі 2014-2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті. Стратегия 2013 жылдың 12 наурызында бекітілген «ҚазМұнайГаз»ҰҚ» акционерлік қоғамының Стратегияны жасақтау және мониторингілеу ережелері және 2013 жылдың 12 желтоқсанында бекітілген «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» акционерлік қоғамының Стратегияны жасақтау және мониторингілеу ережелерін ескере отырып жасақталған.

2014-2022 жылдарға арналған “Атырау МӨЗ» ЖШС даму стратегиясы серіктестіктің негізгі қызмет түрлері бойынша даму бағыттарын анықтап, кәсіпорынның стратегиялық тұрақтылығын және серіктестіктің экономикалық тиімділігін арттыруды көздейтін 2014 – 2022 жылдар аралығына белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштерді қамтиды. Стратегия жобасы алдын ала «АтырауМӨЗ» ЖШС Басқармасының шешімімен мақұлданған (хаттама № 362 / 22 тамыз 2014 жыл).

Стратегияның мақсат-міндеттері «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» акционерлік қоғамының 2014-2022 жылдарға арналған стратегиясымен үндес. Сондай-ақ, стратегияда ұжымдық басқарудың тиімділігін, өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыру, экологиялық тәуекелдерді төмендету, кадр саясатын, әлеуметтік жауапкершілікті жетілдіру сынды қосымша мүдделер көзделген.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe