Атырау МӨЗ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сертификаттаудан сәтті өтті

09.11.2026
13 views
Атырау МӨЗ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сертификаттаудан сәтті өтті
Атырау мұнай өңдеу зауыты сертификаттау аудитінен сәтті өтіп, ҚР СТ ISO 37001-2025 «Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелері» стандартының талаптарына сәйкестік сертификатын алды.
Екі кезеңнен тұратын сертификаттау аудиті барысында аудиторлар зауыттың мұнай өнімдерін өндіру саласындағы парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін бағалады. Тексеру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару, қызметкерлерді оқыту, сатып алу процестері, іскерлік серіктестермен өзара іс-қимыл және ішкі бақылау шаралары қаралды.

Аудит қорытындысы бойынша стандарт талаптарына қатысты сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
Сертификаттың берілуі кәсіпорында қолданыстағы жүйенің белгіленген талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ Атырау МӨЗ-дің ашықтық, іскерлік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарына адалдығын растайды.

Кәсіпорын алдағы уақытта да қолданыстағы бақылау тетіктерін жетілдіріп, жүйенің нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қызметкерлер мен іскерлік серіктестердің сенімін нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe