Атырау МӨЗ-дің санитарлық-қорғау аймағында 1 000 көшет егілді

17.10.2026
16 views
Атырау МӨЗ-дің санитарлық-қорғау аймағында 1 000 көшет егілді
2026 жылдың 17 қазанында «20 игі іс» жоспары мен Атырау мұнай өңдеу зауытының (Атырау МӨЗ) санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыру бағдарламасы аясында ағаш отырғызу акциясы өтті.
Жұмыстар зауыт пен Мирный кентінің арасындағы 17 гектар аумақта жүргізілді. Экоакцияға 100-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында Атырау МӨЗ-дің 50-ден астам қызметкері, облыстық экология департаментінің өкілдері, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 3 облыстық арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары, спорт секцияларының жас спортшылары және қала тұрғындары болды.

Қатысушылар өңірдің сортаң топырағына төзімді, биіктігі 2,5-3 метр болатын 300 түп айлант көшетін отырғызды. Осы аптада санитарлық-қорғау аймағындағы жасыл желектерді күтіп-баптауға жауапты мердігер ұйымның күшімен 700 түп көшет егілген болатын. Күзгі көгалдандыру науқаны аяқталғанға дейін тағы 2 000 түп шаған көшетін отырғызу жоспарланып отыр.

Акция соңында қатысушыларға түскі ас ұйымдастырылды. Мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне алғыс хаттар табысталды.

Аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe