Атырау МӨЗ-де өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

24.09.2026
10 views
Атырау МӨЗ-де өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті
Атырау мұнай өңдеу зауытында Paramax технологиялық қондырғысының сорғы станциясында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Сценарийге сәйкес, ароматты көмірсутектерді айдау кезінде сорғының айдау желісіндегі фланецтік қосылыстан мұнай өнімінің ағуы орын алып, кейіннен тұтану болды. Шартты өрт 40 минут ішінде толықтай сөндіріліп, зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Оқу-жаттығуға 58 адам қатысты. Олардың қатарында зауыт мамандары, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бар. Сонымен қатар 11 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Іс-шара Атырау МӨЗ персоналының төтенше жағдайға дайындығын бағалауға, сондай-ақ зауыт бөлімшелері мен Атырау қаласының өрт сөндіру қызметі арасындағы өзара іс-қимылды пысықтауға мүмкіндік берді.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Баспасөз қызметі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe