«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нде ароматикалық көмірсутектер шығару кешенін (АКШ) іске қосу-баптау жұмыстары салтанатты жағдайда бастау алды

25.12.2014
1326 views
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нде Индустрияландыру күні шеңберіндегі жалпыхалықтық телекөпір барысында   ароматикалық көмірсутектер шығару кешенін  (АКШ) іске қосу-баптау жұмыстары салтанатты жағдайда бастау алды.
Салтанатты шараға ҚР энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Атырау облыстық әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз – өңдеу - маркетинг» АҚ өкілдері және т.б. қатысты.
Ароматикалық көмірсутектер шығару кешені (АКШ) 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынды.

АКШ кешенінің жобасы екі негізгі технологиялық нысан құрылысын қамтиды: катализаторды үздіксіз қалпына келтіретін каталитикалық риформинг қондырғысы, бензол алу және ароматикалық көмірсутектер шығару қондырғысы. Кешенді екі режимде пайдалануға болады: жоғарыоктанды тауарлық бензин маркаларын дайындау үшін жоғарыоктанды компоненттер шығару (АИ-92, АИ – 95, АИ – 98); мұнай-химия бағыты – ароматикалық көмірсутектер өндірісі (бензол – 133 мың тонна/жыл және параксилол 496 мың тонна/жыл). Бензол мен параксилол - мұнай-химия өнімдерінің кең ассортиментін, соның ішінде капрон, пластикалық масса, пластмассалық талшықтар шығаруда шикізат ретінде қолданылатын жоғары сұранысқа ие мұнай өңдеу өнімдері.

Салтанатты шара барысында ароматикалық көмірсутектер шығару кешенін іске қосу-баптау жұмыстарының басталғандығы жөнінде Мемлекет басшысына «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Қайрат Оразбаев мәлімдеді.
«Біз қондырғының іске қосу сынақтарына көшпекпіз. Бұл елімізді К-3 экологиялық класына сай келетін мұнай өнімдерімен қамту ісіне біздің қосар үлесіміз.Жобаны жүзеге асыра отырып, құрамында бензол мен ароматикалық көмірсутектері аз автокөлік бензинін қолдану арқылы табиғатқа келетін зиянды әсер азаяды», - деді ол өз сөзінде.
Технологиялар лицензиары - мұнай өңдеу және мұнай-химия өндірісіндегі технологияларды лицензиялау саласындағы әлемдік көшбасшы саналатын француздық “Axens” компаниясы.

АКШ кешені құрылысына 4500-ден астам жұмысшы қатысқан, пайдалану кезінде 160-тан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Анықтама:

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:
99,5% үлестің иесі «ҚазМунайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.
«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe