4 кезеңнен тұрған конкурсқа өндіріс қызметкерлерінен құралған 14 команда қатысты. Әр команданың бір өкілі жекелей сайыста бақ сынады.
«Біз зауыт қызметкерлерінің назарын жұмыс орындарында жазатайым оқиғалардың санын азайтуға септік ететін жағдай жасау мен қауіпсіздік мәдениетін арттырудың маңыздылығына аударуға тырысудамыз. Осылайша қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға болады», – деп атап өтті қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері Ирина Ульченкова.
Каталитикалық крекинг қондырғысының операторы Михаил Веселов өз жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы талаптарын толықтай сақтайтынын, сол себепті практикада өзін сенімді сезінетінін жеткізді.
«Мен үшін қауіпсіздік техникасына бағытталған жаңа бағдарламалардың бәрі де қызықты. Aman, Near Miss жобалары мен өмірлік маңызы бар 10 ережені білу жарақатсыз жұмыс істеуге көмектеседі. Барлық ережелер ақылға қонымды, есте сақтау оңай. Ал бұл сайыс білетіндеріңді қайталап, бекітуге бағытталған», – деді ол.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды орталық зауыт лабораториясының командасы жеңіп алды. Кокс және күкірт өндірісінің командасы екінші орынға, ал мұнайды терең өңдеу өндірісінің өкілдері үшінші орынға тұрақтады.
Back to news list