НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
Атырау мұнай өңдеу зауыты бұрмаланған деректер (логотип, мөр, бірінші басшының қолы) мен қате реквизиттерді пайдалану арқылы ықтимал алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты хабарлайды:
Жалған электрондық поштаның белгілері:
✓ Шұғыл әрекетті талап ету. Алаяқтар егер тез арада шұғыл шаралар қабылданбайтын болса, аккаунтыңызға қауіп төнуі мүмкін екенін мәлімдейді.
✓ Жалған сілтемелер. Сілтемелер шынайы көрінеді, алайда олар Сізге кесірін тигізуі мүмкін. Сілтемеге өтер алдында оның қайда апаратынын тексеру үшін тінтуір меңзерін URL мекен-жайына бағыттаңыз. Егер сілтеме күдікті көрінсе – баспаңыз.
Ескертетін жәйт, «АМӨЗ» ЖШС коммерциялық ұсыныстарды электрондық пошта арқылы жібермейді.
«АМӨЗ» ЖШС алаяқтардың арбауына түспеуді және барлық күдікті хабарламалар туралы кәсіпорынның комплаенс-офицерінің жедел желісіне 25-99-25, +7 705 255 70 66, сондай-ақ құзыретті органдарға хабарлауды сұрайды.
Back to news list