АМӨЗ-де өрт-тактикалық оқу жаттығу өтті

30.10.2023
386 views
АМӨЗ-де өрт-тактикалық оқу жаттығу өтті

Өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамын дайындау бағдарламасына сәйкес, Атырау МӨЗ-де мұнай өнімдерін құю өндірісіндегі тактілеп құюға арналған автоматтандырылған қондырғыда орын алған имитациялық өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Сценарий бойынша сағат 15:00-де теміржол жолдарында маневрлік жұмыстарды жүргізу кезінде ұшқынның пайда болуы нәтижесінде АИ-92 маркалы бензин коллекторының төгілуі орын алып, өртке ұласқан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дереу қызыл жалынды ауыздықтауға және адамдарды құтқаруға кірісті. Сағат 15:44-те өрт оқшауланып, 5 минуттан кейін толықтай сөндірілді.

Іс-шара кезінде қондырғы жұмысшыларының, жедел штаб және кезекші ауысым қызметкерлері әрекетінің алгоритмі пысықталды.
Төтенше жағдайды жоюға «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Батыс филиалы жеке құрамының 52 қызметкері, Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 30 қызметкері және 18 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe