Республика күніне орай зауыттықтар марапатталды

24.10.2023
392 views
Республика күніне орай зауыттықтар марапатталды
Республика күні қарсаңында Атырау мұнай өңдеу зауытында салтанатты шара өтті. Кәсіпорынның бас директоры Мұрат Досмұратов жиналғандарды тарихи маңызы бар мерекемен құттықтап, қызметте табыс тілеп, саланың дамуына үлес қосқан бірқатар зауыттықты марапаттады. 
Атап айтқанда, 4 жұмысшы «Самұрық Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰҚ Құрмет грамотасы және естелік белгісімен, 8 маман Мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар Қауымдастығының медалі, Құрмет грамотасы және алғыс хатымен, 10 зауыттық Атырау облысының және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.  
Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe