Дүйсенбай Тұрғанов депутаттардың мажоритарлы және партиялық тізім арқылы сайлануы секілді өзгерістің Жаңа Қазақстанға тән демократиялық қадамдар екенін атап өтті. Ол сондай-ақ 8-ші шақырылымдағы мәжіліс депутаты ретінде сайланатын болса аймақ халқын толғандыратын мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді.
Шараға қатысқан Атырау облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер партияның «Халықпен бірге» атты Сайлауалды бағдарламасына кеңінен тоқталды. Атырау облысындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған аймақтық бағдарлама аясында жаңа жұмыс орындарын құру, жастарды қолдау, жол сапасын жақсарту, медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығын дамыту сынды жұмыстарды қолға алу жоспарланғанын жеткізді.
Кездесу соңында АМӨЗ-дің қоғаммен байланыс, мемлекеттік органдармен, мердігерлік ұйымдармен жұмыс және әкімшілік мәселелер департаментінің директоры Серік Арыстан зауыттықтарды Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау науқанына белсенді қатысып, азаматтық позицияларын танытуға шақырды.
Back to news list