About the company
Vacancies
Press center
Сompliance
Ombudsman
About the company
About the company
Governance
History
Ecology and Safety
Policy of quality, labour and environmental protection
Project TAZALYQ
Еnvironmental protection
Программа по энергоэффективности
Выбросы в атмосферу загрязняющих веществ
Выбросы в атмосферу парниковых газов
Управление отходами производства и потребления
Оценка воздействия на окружающую среду
Labour protection
Industrial Safety
Fire safety
Производственный экологический мониторинг
Product
Unclaimed liquid and illiquid reserves
Production
Electrical desalting plant Atmospheric Unit 2
Electrical desalting plant Atmospheric Vacuum Unit 3
Catalytic reforming Unit ЛГ-35-11/300-95
Catalytic reforming with continuous regeneration of catalyst and benzene extraction unit
Complex for Production of Aromatic hydrocarbons
Hydrotreating and Isomerization Unit
Hydrotreating Unit and Diesel fuel dewaxing
Hydrogen production and purification unit
Delayed Coker Unit
Petroleum coke calcining Unit
Sulfur production unit with crystallization block
Technical nitrogen production unit
Gas-Reagent Unit
Waterblock
Biological wastewater treatment Unit
Mechanical wastewater treatment Unit
Total flare system and flare system of acid gases
Сooling tower of circulating water supply
Thermal power station
Commodities shop
Testing center (TC) «Central Laboratory»
GTES
ISO
Objectives and tasks
Certificates
Social sphere
House Construction
Medicine
Health Insurance Program
Holidays for children
Training
Dining rooms
Taking care of veterans
Hall of history and Labor Glory
Technical Library
Cultural work
Social Support
Sport work
Assets
Procurement
Annual Procurement Plan
Long-term Procurement Plan
Normative Documents
Additional Information
Procurement Archive
Procurement
Modernization
Deep oil refining complex
Complex for production of aromatic hydrocarbons
Reconstruction of the workshop №8
Bank of Ideas
Blog
Written requests
Access to key capacity
About the company
Vacancies
Press center
Сompliance
Ombudsman
Рус
Қаз
Eng
Main
Press center
News
АМӨЗ-де қоғамдық экологиялық кеңестің отырысы өтті
АМӨЗ-де қоғамдық экологиялық кеңестің отырысы өтті
15.11.2022
1377 views
Атырау мұнай өңдеу зауытында Қоғамдық Экологиялық Кеңестің кезекті отырысы өтті. Кездесуде мамандар зауытта жүргізіліп жатқан жөндеу-алдын алу жұмыстарының және Tazalyq жобасының барысы, сондай-ақ ауаға бөлінетін зиянды шығарындылардың санын азайту үшін жасақталған АМӨЗ-дің Жол картасын таныстырды.
Зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратовтың кіріспе сөзінен кейін қазан айынан бері жалғасып жатқан жөндеу жұмыстары туралы баяндама тыңдалды. Кәсіпорынның бас технологы Наиль Хакимов жөндеу кезінде технологиялық қондырғылардың жұмысында анықталған олқылықтар мен оларды жою жолдары туралы айтты. Жоспарлы жөндеудің бірінші кезеңінде технологиялық, электркүшті, компрессорлық және динамикалық қондырғыларды қауіпсіз әрі сенімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Екінші кезеңде: аппараттарды, технологиялық пештер мен құбырларды тексеруден өткізу, насостық-компрессорлық, энергетикалық, бақылау-өлшеу құрылғыларын жөндеу және ескіргендерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу барысында аппараттарды бумен тазалау операциялары жабық жүйеде өтетіндігін атап айтқан жөн. Егер бұған дейін көмірсутек пен будың қосындысы ауаға жіберілген болса, енді аталмыш жұмыстар қоршаған ортаға әсерсіз, конденсатты дренаждық жүйеге жіберу арқылы іске асырылады.
Бұдан соң Н. Хакимов жиналғандарға зиянды шығарындылардың санын азайтуға бағытталған Жол картасын таныстырды. Бағдарлама аясында ашық түсті мұнай өнімдерін герметикалық құю эстакадасына жіберу, баяу кокстеу қондырғысында буды қайтару блогын салу және резервуарлық парктерде понтондар орнату шаралары іске асырылмақ.
Жол картасына сәйкес, 2023 жылы АМӨЗ автомобильдік бензин мен реактивті отынды құюға арналған жаңа насостық станция салуды жоспарлауда.
Насостық станция іске қосылғаннан кейін ашық түсті мұнай өнімдерін құю процесі зауыттың территориясынан тыс жерде, автоматтандырылған қондырғыда іске асатын болады. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ ғылымдық-техникалық кеңесі зауыттың ұсынысын қолдады, алдағы уақытта жобалау жұмыстары басталады. Бастама сәтті орындалатын болса, ашық түрдегі құю процесі кезіндегі көмірсутек шығарындыларының көлемі азаяды.
Сондай-ақ Жол картасы аясында баяу кокстеу қондырғысында буды қайтару блогының құрылысы жоспарланған. Аталмыш блок кокстік камераларды қыздыру, салқындату және булау процестерінен кейін пайда болатын көмірсутек пен судың қалдықтарын жинап, бөлуге арналған.
Бұдан бөлек энергия мен ресурстарды үнемдеп, зиянды шығарындылардың көлемін азайту мақсатында АМӨЗ-дегі резервуарлық парктерде понтондар орнату жұмыстары жасалуда. Понтондар сұйықтықтардың жануы мен булануының алдын алады, олардың қоршаған ортаға әсерін азайтады. Резервуарлық парктерде понтондар орнату көмірсутектің қалдықтарын 1,5 % азайтады деп күтілуде.
Отырыста Tazalyq бағдарламасының іске асу барысы жөнінде де сөз болды. Атап айтқанда, биыл жалпы аумағы 465 га құрайтын булану алаңдарының 1 және 2 секторы қалпына келтірілді, нормативті-тазартылған ағын су каналы жаңартылды. Келер жылы булану алаңдарының 3 және 4 секторды қалпына келтіру жоспарланған. Механикалық тазарту құрылымдары жобасында да жұмыс жалғасуда. 2023 жылы мұнай бөлгіштерді, құмұстағышты, флотаторлардың түйінін және қосымша тұнба тоғандарын демонтаждау жұмыстарын бастау көзделіп отыр. Қазір мұнай қалдықтарын құрғату және алдын ала тазарту блоктарының құрылысы 98 %-ға аяқталды.
Жиын барысында айтылған экологиялық іс-шаралардың барлығы атмосфералық ауаға кері әсерді азайтуға бағытталған. Механикалық тазарту қондырғылары реконструкцияланған соң тазартылған судың бір бөлігі зауыттың қажеттіліктеріне пайдаланылмақ. Осылайша, өндірістік қажеттіліктер үшін Жайық өзенінің суын пайдалану көлемі 10 % азаяды деп жоспарланған.
Отырыс соңында қоғамдық экологиялық кеңес мүшелері АМӨЗ басшылығына Жайық өзенінің суын пайдалану көлемін азайтуға арналған жұмыстарды жалғастыру, қара түсті мұнай өнімдерін құюға арналған автоматты герметикалық қондырғы мен газтурбинді электростанцияның құрылысын, сондай-ақ өнеркәсіптің қоршаған ортаға кері әсерін азайту үшін өндіріске жаңа технологияларды енгізу процесін жалғастыру сынды бірқатар ұсыныстар берілді. Бұдан бөлек АМӨЗ-ге жөндеу жұмыстарынан кейін жоспарсыз шығарындыларды болдырмау туралы да ұсыныс айтылды.
Баспасөз бөлімі
Share on social networks:
Back to news list
News
Photogallery
Videogallery
Corporate Media
All
AMOZ Alemi newspaper
Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe
Newsletter subscribtion
Email
*
Subscribe
Close
Log in to profile
Login
Password
Forgot your password?
or
sign up
Password recovery
E-Mail:
*