Зауыттықтар Жайық жағалауын қоқыстан тазартты

05.11.2022
1291 views
АМӨЗ жұмысшылары Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жеті жарғы» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Таза қала - таза жағалау» акциясын қолдады.
Жұмыскер ықшам ауданындағы Жайық жағалауында өткен экологилық іс-шараға  200-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Олардың арасында зауыттықтар, қаладағы өзге де компания өкілдері мен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары бар.
   АМӨЗ жұмысшылары мұндай іс-шаралардың шаһар экологиясын жақсарту үшін қажеттігін, сондай-ақ өскелең ұрпаққа қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын іспен көрсеткен дұрыс екендігін айтады.
   «Биыл «Таза қала - таза жағалау» акциясы қала аумағында 8 рет өткізілді. Аталмыш іс-шараларға эко-жанашырлардан бөлек жергілікті ірі кәсіпорын жұмысшыларының да белсенді қатысуы көңіл қуантады», - дейді «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының облыстық штаб жетекшісі Бекарыс Закария.
   2 сағатқа созылған акция барысында 10 текше метрден астам қоқыс жиналды.
   Аймақ экологиясын жақсартуға мүдделі кәсіпорындардың бірі ретінде АМӨЗ алдағы уақытта да тазалық акцияларын қолдауды жалғастыратын болады.  

Баспасөз бөлімі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe