Депутаттар «АМӨЗ» ЖШС ұжымымен кездесті

31.05.2022
636 views
Депутаттар «АМӨЗ» ЖШС ұжымымен кездесті

27-ші мамырда ҚР Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев пен ҚР мәслихаттарының құрметті депутаты Саин Қуанышев «АМӨЗ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуде 5-ші маусым күні өтетін республикалық референдум тақырыбы талқыланды.

Ең алдымен сенатор мұнай өңдеушілерге Республика Конституциясына енгізуге ұсынылатын өзгерістердің негізгі тұстарын түсіндірді. Ол бұл түзетулер қазақстандықтардың саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне қалай әсер ететіні жөнінде баяндама жасады. Ғұмар Дүйсембаев сондай-ақ конституциялық реформаны іске асыру кезінде мемлекеттік басқару нысаны - суперпрезиденттік басқару формасынан неғұрлым ұстамды, күшті заң шығарушы билікке қалай өзгеретініне егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен қатар депутаттар қатысушылар тарапынан қойылған ашықтық пен есептілікке қатысты, яғни елдің қарапайым азаматтарының жергілікті билік органдарына талаптары қалай реттеледі деген сауалдарына жауап қатты. Ғұмар Дүйсембаев пен Саин Қуанышев зауыт қызметкерлерін жүзеге асырылып жатқан немесе жүзеге асырылуы жоспарланып отырған ең маңызды жобалар туралы хабардар етті,атап айтқанда: жолдар мен су тартқыштарды салу, Жайық және Қиғаш өзендерінде су түбін тереңдету, елді мекендерді газдандыру және т.б

Кездесу соңында депутаттар зауыт қызметкерлерін шетте қалмай өз пікірін білдіруге шақырып, Қазақстанның болашағы әр адамның дауысына байланысты екенін айтты. «АМӨЗ» ЖШС қызметкерді басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры - Серік Арыстан 5 маусым күні зауыт қызметкерлері өздерінің сайлау учаскелеріне барып, республикалық референдумға қатысатынына сенім білдірді.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe