АМӨЗ базасында азаматтық қорғаныс бойынша семинар өтті

23.05.2022
1383 views
АМӨЗ базасында азаматтық қорғаныс бойынша семинар өтті

19-18 мамыр аралығында «АМӨЗ» ЖШС базасында азаматтық қорғаныс бойынша екі күндік оқыту семинары өтті.

Бұл сабақтар зауыттың бастамасы және Атырау облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша азаматтық қорғаныс жүйесіне қатысты өндірістердің, бөлімшелердің және аутсорсингтік компаниялардың басшылары мен қызметкерлері үшін өткізілді.

Дәріс барысында Атырау облысы бойынша ТЖ департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға лейтенант офицері Әлішер Ағаділов Қазақстанда төтенше жағдайлар немесе әскери қақтығыстар орын алған жағдайда азаматтық қорғаныс күштері қалай жүзеге асатыны жөнінде баяндама берді.

- Бұл іс-шаралар жүйесі халықты және материалдық құндылықтарды әскери қақтығыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған. Сондай-ақ жоспарлы сабақтар, командалық-штабтық, тактикалық-арнайы оқу және жаттығулар кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындық тексерілуде, - деді аға лейтенант Әлішер Ағаділов.

Семинарда алғаш дәрігерлік көмек көрсету негізінен басқа туындаған қауіп кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын және басқа да шұғыл іс-шараларды өткізу мәселелері егжей-тегжейлі баяндалды.

- Осындай іс-шара Атырау облысы аумағында азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдар базасында алғаш рет өткізіліп отыр. Әдетте ТЖ департаменті оқуға «Азаматтық қорғаныс» Заңына сәкес қауіпті өндірістік объектілердің басшыларын немесе бірнеше жұмыскерлерін ғана шақыратын. Осы жолы олар біздің бастамамызды қолдап зауыт және аутсорсингтік компаниялардың 40 қызметкері   азаматтық қорғаныс саласында белгілі бір білім және дағдыларды үйренді. Бұл үшін біз Атырау облысы ТЖ департаментіне үлкен алғысымызды білдіреміз, - деді «АМӨЗ» ЖШС Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметі бастығының орынбасары Ізболат Нысанғалиев.

Екі күндік семинар аяқталғаннан кейін тестілеу қорытындысы бойынша 40 қатысушыға сертификаттар берілді. Олар болашақта «АМӨЗ» ЖШС Азаматтық қорғаныс жүйесін жақсарту және нығайту мақсатында алған білімдерімен бөлісіп, зауыттың және аутсорсингтік компаниялардың қызметкерлеріне өз бетінше лекциялар жүргізе алады.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe