2 сәуірде Атырау қаласының аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру айлығы аясында зауыттың және мердігер ұйымдардың 300-ден аса қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Акцияға қатысушылар «Тұрғындар қалашығы» шағын ауданының аймақтарын, Әуезов, Мұқанов, Шарипов көшелерін және Ақшағыл өткелін ретке келтірді. Зауыттың барлық құрылымы бірігіп, қыс бойы жиналған 37 текше метр қоқыс шығарды. Сондай-ақ олар жерді арамшөптерден тазалап, жердегі құрғақ бұтақтарды реттеп, алдыңғы жылғы шөп, қағаз,пластикаларды жинастырды. Шараға қатысушылар сенбілік тазалық жұмыстары қалалық тұрғындарға да үлгі болатынын айтты. - Қалалық және республикалық экологиялық науқандарға қатысу біз үшін дәстүрге айналды. Біздің кәсіпорынның қызметкерлері қаланы тазарту туралы үндеуге әрдайым қуана жауап береді, – деді «АМӨЗ» ЖШС әкімшілік бөлімінің басшысы Галима Гизатуллина. Атырауда жалпықалалық сенбіліктер 30 сәуірге дейін жалғасады. Осындай іс-шаралардың экологиялық жағдай үшін ерекше маңызды екенін ескере отырып, зауыт жұмысшылары сенбілікке әрқашан ынтамен қатысуға дайын.
Back to news list