АМӨЗ-де жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады

31.12.2021
1301 views
2022 жылдың 3 қаңтарынан бастап Атырау МӨЗ де ЭЛОУ-АВТ-3, CCR, КУ ГБД және Parisom қондырғылары жоспарлы түрде 9 күнге тоқтатылады.
Бұл тоқтатулар 2021 жылғы жоспарлы-алдын алу жұмыстары кестесіне сай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында жүзеге асуы қажет болған. Алайда, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын стратегиялық мұнай өнімдерімен: дизель және автомобиль отынымен қамтамасыз ету қажеттілігін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен және "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ-мен алдын ала келісілген жоспарлы-алдын алу жұмыстарын 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қаңтарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.  
2022 жылғы қаңтарда "АМӨЗ" ЖШС төрт технологиялық қондырғысында: өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын сақтау шеңберінде статикалық жабдықты диагностикалау, инспекциялау және динамикалық жабдықтың жұмысын тексеру, сондай-ақ 3 технологиялық қондырғыдағы катализаторларды ауыстыру көзделген. 
Осы кезеңде барлық жоспарланған іс-шараларды іске асыру үшін "ҚазТурбоРемонт" БК ЖШС АФ, "НефтеСтройСервис" ЖШС, "IQS Engineering" ЖШС, "Gold Sunray" ЖШС, "Интра" ЖШС, "РМУ-Шымкент" ЖШС, "Техноконтроль" ЖШС, "ИнжПромКомпани" ЖШС, "ОргНефтеХим" ЖШҚ, "Buchen Industrial Service" ЖШҚ, "Catalyst Service" ЖШС, "AVC", "euroslot", "Axens" және "UOP» серіктес компанияларды тарту жоспарлануда. 
 
Айта кетейік, 4 Технологиялық қондырғыда жоспарлы-алдын алу жұмыстарын өткізу кезінде қалған өндірістер бекітілген өндірістік жоспарға сәйкес өнімді шығару және жөнелту бойынша штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыратын болады.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe