Мұнай қалдықтарының «Сасық сайға» түсуіне жол берілген жоқ

24.12.2021
1239 views

Бұдан бұрын хабарланғандай, 23 желтоқсанда "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-де кәсіпорынның нормативтік-тазартылған сарқынды су арнасына мұнай қалдықтарының қысқа мерзімді төгілуі орын алды. Оқиға өнеркәсіптік ағындарға суды ағызу шығынының ұлғаюы нәтижесінде орын алды.

Зауыт басшылығы оқиға салдарын жою бойынша жұмыстарды дереу ұйымдастырып, қажетті техника мен адам ресурстарын іске қосты, булану алаңына төгілуі мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін бөгегіш құрылғылар орнатылды.

Бөгегіш құрылғыларды пайдалану  мұнай қалдықтарының булану алаңына қарай ағынын тоқтатуға мүмкіндік берді, ол вакуумдық техникамен айдалып, зауыттың тазарту құрылыстарына шығарылды. Осылайша, "Сасық сай" булану алаңына мұнай қалдықтарының төгілуіне жол берілген жоқ. 

Технологиялық сәтсіздіктерді жіті тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылып, құрамына эко-омбудсмен С.Рахимова кіргізілді.



                                                                                 Қоғаммен байланыс бөлімі 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe