АМӨЗ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қызметкерлерді марапаттады

14.12.2021
1474 views
АМӨЗ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қызметкерлерді марапаттады

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің 40-тан астам қызметкері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған зауыттың салтанатты жиынында түрлі марапаттарға, Құрмет грамоталарына және алғыс хаттарға ие болды.

Мерекелік іс-шараны Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Арман Қайрденов ашып, кәсіпорынның егемендік жылдарындағы басты жетістіктеріне тоқталды.

«Тәуелсіздік дәуірі біздің алдымызда шексіз көкжиектер мен жасампаздық пен дамудың бірегей мүмкіндіктерін ашты. Атырау мұнай өңдеу зауытының 30 жылдағы басты жетістіктерінің бірі - өндірісті ауқымды жаңғырту жобасы болды. Оның арқасында біз зауыттың қуаттылығын, мұнай өңдеу тереңдігін және ақшыл мұнай өнімдерінің шығымдылығын айтарлықтай арттырып, отынның жаңа түрлері – Khazar, Altay қысқы дизельдік отындарын шығара бастадық. Біз – республика аумағындағы қосылған құны жоғары мұнай-химия экспортына бағдарланған бензол мен параксилолдың жалғыз өндірушісі екендігімізді мақтан тұтамыз. Бұл отандық мұнай-химия өнеркәсібінің дамуына және қосылған құны жоғары өнім өндірісіне ықпал етеді», - деді өз сөзінде.А.Қайрденов

Бас директор сондай-ақ зауыт қызметкерлері алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтап қана қоймай, жалақыны жыл сайын арттыруға, сонымен қатар оларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ және АМӨЗ әлеуметтік саясатының маңызды рөлін атап өтті. Мәселен, Тәуелсіздік жылдарында АМӨЗ 650 зауыт жұмысшылары үшін 10 көппәтерлі тұрғын үй салынды. Тек 2020 жылдың өзінде еліміздегі күрделі экономикалық жағдайға және жаңғыртуға валюталық несие төлеу бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелерге қарамастан зауыт басшылығы болашағынан үміт күттіретін 100 өндіріс қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыс етті.

Бас директордың сөзінен кейін , бірінші орынбасары-бас инженер Р.Жанғабылов және корпоративтік функциялар жөніндегі орынбасары Д. Қазим қызметкерлерге "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы", "Еңбек ардагері" медальдарын, "Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төс белгілерін, "KAZENERGY" қауымдастығының медалін, ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамоталарын, Атырау облысы мен қала әкімінің Алғыс хаттарын, "АМӨЗ" ЖШС Бас директорының Алғыс хаттарын және " басқа марапаттарды табыстады. Сондай - ақ зауыт қызметкерлерін «АМӨЗ» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Амантурлин марапаттады.

Марапаттаудан кейін мерекелік концерт өтті.

 

 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe