Зауыт жұмысшыларының жартысына жуығы- АтМГУ түлектері

30.11.2021
1456 views

Атырау мұнай өңдеу зауыты С.Өтебаев атындағы АтМГУ профессорлық-оқытушылық құрамын, студенттері мен түлектерін "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" (ОЗХТ) кафедрасының 30 жыл мерейтойымен құттықтады.

Атырау мұнай өңдеу зауыты атынан қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры С.Арыстан құттықтау сөзін сөйледі. Ол өзінің құттықтау сөзінде жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындап, өзара тиімді ынтымақтастық пен сенімді серіктестік орнатқан университетке алғысын білдірді.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде университет түлектері хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені мен мұнайды терең өңдеу кешенінің жаңа технологиялық қондырғыларында табысты еңбек етіп жатқанын атап өтті.

Соңғы оң жыл ішінде университет мұнай-газ кәсіпорындары үшін жүздеген жоғары білікті мамандарды дайындады. Мәселен, қазір АМӨЗ қызметкерлерінің 47% Атырау мұнай және газ университетінің түлектері. Олардың 8%-ы – басшылық лауазымды атқарса,ал 29%-ы ОЗХТ кафедрасының түлектері.

 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe