APEC PetroТechnic жоғары колледжінің 15 студенті «АМӨЗ» ЖШС мекемесінің мердігер ұйымы «Enertek» ЖШС-да өндірістік практикадан өтуде.
Компания өкілі Иван Байкеевтің айтуынша, студенттер механикалық және биологиялық тазарту қондырғыларының, су блогының және айналмалы сумен жабдықтау мұнарасының жұмысын зерттейді.
Өндірістік тәжірибе аясында олар TAZALYQ жобасы бойынша салынып жатырған жаңа механикалық тазарту құрылыстарының құрылыс алаңына барады. Бұдан басқа, студенттерге сумен жабдықтау және су бұру объектілерінің технологиялық процесі түсіндірілуде, жалпы өндірістік процестер және кәсіпорында енгізілетін озық технологиялар туралы айтылуда. Тәжірибеде өндірістік және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады.
– Атырау МӨЗ бізге Атыраудан шықпай-ақ Қазақстанның жетекші зауыттарының бірінде жұмыс істеуге үлкен перспектива береді, - дейді колледж студенті Нұрлыбек Әубекеров. — Бұл әлемдегі ең үздік компаниялардың технологиялары енгізілген Қазақстандағы ең заманауи мұнай өңдеу зауыты. Осындай күрделі жабдықпен жұмыс істеу - біз үшін үлкен құрмет және жауапкершілік. Сондай-ақ, АМӨЗ-де өндірістік және экологиялық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінетінін көрдік. Бұл мұндай ірі кәсіпорын үшін өндіріспен қатар маңыздылығы жоғары.
Бейінді, өңірдің жетекші жоғары оқу орындарымен тұрақты ынтымақтастықтың арқасында Атырау мұнай өңдеу зауыты өзіне кәсіби жас мамандарды даярлауға, ал студенттер Қазақстанның технологиялық жағынан ең күрделі мұнай өңдеу зауытында баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндігі бар.
Қоғаммен байланыс бөлімі
Back to news list