Ағаштарды отырғызу қазан айының соңына дейін Атырау облысының әкімдігімен жасалған Атырау қаласының аумағын көгалдандыру жөніндегі меморандум аясында жүргізіледі.
Көшеттерді отырғызу үшін Атырау қаласындағы Перетаска кентінде ауданы 5 га жер телімі таңдалды. Көгалдандыру алдында аумақ қоқыстан тазартылып, қалған құрылыстар бөлшектеліп, отырғызу орындары жоспарланды.
Зауыт қызметкерлері қарағаш, терек және шаған сияқты жергілікті сортаң топырақтарында өсуге бейім келетін ағаштарды таңдады.
Күзгі кезеңде ағаштарды суару арнайы техникамен (су тасығышпен) жүргізіледі, ал келесі жылы әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес суару жүйесі бар сорғы станциясын салу жоспарлануда.
"АМӨЗ" ЖШС көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысу арқылы өңірдегі экологиялық жағдайды оңалтуға және қоршаған ортаның сапасын жақсартуға одан әрі жан-жақты ықпал ететін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтарға 2021 жылы елімізде ауқымды ағаш отырғызуды өткізуді тапсырған болатын.
Айта кетейік, бүгінгі күні зауыттың ауданы 224 га көгалдандырылған және абаттандырылған санитарлық-қорғау аймағы бар, осы аумақта 126 270 ағаш пен бұта егіледі, бұдан басқа, жыл сайын 11 753 дана көшет отырғызылады және оған күтім жасалады.
Қоғаммен байланыс бөлімі
Back to news list