Атырау МӨЗ маусымаралық дизель өндірісіне дайындықты бастады

04.10.2021
1187 views

"Атырау МӨЗ" ЖШС өндірістік жоспарға және ішкі нарықтың сұранысына сәйкес қазіргі уақытта зауытта сүзгіштік температурасы минус 5 градус болатын маусымаралық дизель отынын шығаруға технологиялық қондырғыларды дайындау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Бұл өнім ауа температурасы 5 градустан төмендемейтін маусымаралық кезеңде қазақстандық тұтынушыларға арналған. К4 экологиялық класты дизельдің (ДТ-Е) осы түрін өндіру АМӨЗ-де 2019 жылы басталды және жаңғыртудың аясында бой көтерген жаңа технологиялық қондырғылардың арқасында осындай нәтижелерге жетіп отырмыз.

Ауа температурасының төмендеуімен кәсіпорын ПТФ -15, -25, -32 сынды дизель отынының басқа түрлерін және Қазақстан үшін қату деңгейі төмен Khazar -38, Altay -45 шығаруға көшеді.

Сондай-ақ, ішкі нарықтағы дизельдік ахуалға байланысты Атырау МӨЗ "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-мен бірлесіп, ҚР Энергетика министрлігі 2021 жылғы қыркүйекте бекіткен ағымдағы жөндеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 8 айында зауыт 1 027 123 тонна дизель отынын өндірді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10,5 мың тоннаға артық.

Бұл ретте 2021 жылдың 8 айында зауыт 1 млн 032 мың тонна дизель тиеді, бұл 2020 жылғы тиелген отыннан 13 мың тоннаға артық.

Айта кету керек, 5 мамырдан бастап дизель отынының тауарлық паркінің резервуарлары «құрғақ» күйде деуге болады. Яғни дизель отынының тауарлық партиясын өндіру кезінде ол бірден тиеліп кетеді. Жөнелту Атырау қаласын, Атырау облысын және батыс өңірін қамтамасыз етуді басымдыққа ала отырып, ҚР барлық өңірлері бойынша жүзеге асырылады.

 

Қоғаммен байланыс бөлімі

 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe