АМӨЗ-де коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алу науқаны жалғасуда. Қазіргі таңда зауыт жұмысшылары "Спутник V"вакцинасының екінші компонентін алуда.
Барлығы вакцинаны АМӨЗ-дің және мердігер ұйымдардың 700-ден астам қызметкері алды. Яғни, қызметкерлердің шамамен 30% - ы коронавирустың ауыр зардаптарынан қорғалған. Ал 160 қызметкер екінші кезеңнен өтті.
Өзің және жақындарын COVID-19 вирусынан қорғауға шешім қабылдаған зауыттың алғашқы қызметкерлерінің қатарында мұнайды терең өңдеу өндірісінің бастығы Абат Әбілхайыровта бар:
- Мен үнемі жұмыстамын және кәсіпорынның инженерлік-техникалық құрамымен, қызметкерлерімен, мердігер ұйымдардың қызметкерлерімен тығыз жұмыс жасаймын. Сондықтан, мен еш ойланбастан, COVID-19 қарсы екпе алдым .Тек жаппай вакцинация қауіпті вирустың таралуын тоқтата алатынына және жақындарымыздың денсаулығы мен өз қауіпсіздігімізге алаңдамай қалыпты жұмыс кестесіне оралуға көмектесетініне сенімдімін.
Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлеріне екпені қызметінен алыстамай-ақ алуы үшін барлық жағдай жасалған. Зауыттың медициналық орталығында ем-шара кабинеті және екпе алғандарды бақылау кабинеті бар. Екпені салар алдында кәсіпорын қызметкерлері медициналық тексеруден өтеді. Екпе дене температурасының, қан қысымының, жүрек соғу жиілігінің, қандағы оттегінің қалыпты деңгейінде ғана жасалады.
Back to news list