Адамдар мен табиғаттың саулығы – басты назарда

19.08.2020
1190 views
Адамдар мен табиғаттың саулығы – басты назарда

23 шілдеде Атырау МӨЗ-ге ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Бейбіт Мамраев пен Х. Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университетінің ректоры келді. 

Зауыт аумағы бойынша шолу экскурсиясы барысында қонақтарға tazalyq бас экологиялық жобасының іске асырылуы туралы айтылды, оның шеңберінде механикалық тазарту құрылыстарын (Сбә )(2019-2021 жж.), биологиялық тазарту құрылыстарын(ББҚ) жаңғырту және қайта жаңарту және қайта тазалау блогының құрылысы (2019-2023 жж.), сондай-ақ булану алаңдары мен нормативтік-тазартылған ағындар арнасын қайта жаңарту (2019-2022 жж.) жүргізілетін болады. Қонақтарға ұсынылған ақпаратқа сәйкес, механикалық тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту бойынша  жобалық-іздестіру жұмыстары 90% ға орындалып, «Госэкспертиза» республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан оң сараптамалық қортындыға қол жеткізілді. Биологиялық тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту бойынша инженерлік іздестіру жұмыстары жүргізілді. Булану алаңдарын қалпына келтіру және ашық каналдың орнына құбыр салу жобасы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары 60% орындалды.
   TAZALYQ жобасының нәтижесінде АМӨЗ сарқынды сулары тазартылғаннан кейін нормативтік көрсеткіштерге ие болады, атмосфераға және тазарту құрылыстарының ашық ыдыстарына зиянды булану және 1945 жылдан бастап пайдаланылатын булану алқаптарынан қоршаған ортаға әсер ету тоқтатылады. Сонымен қоса тазартылған судың  50% өндірісте қайтадан пайдаланылатын болады.
    Зауыттың бас директоры  Ш. Данбай АМӨЗ қызметкерлерінің де қала тұрғындары екендігін, және де бұл мәселенің ортақ екендігін атап өтті.   TAZALYQ көптеген жылдар бойы жинақталған проблеманы шешуге арналған және алдағы 4 жылда зауыт өндірістің экологияға әсерін толықтай  қауіпсіздік деңгейіне жеткізуге ниетті, – деп атап өтті Ш.Данбай.   Делегация сонымен қатар жаңғырту аясында салынған ароматикалық көмірсутектер өндірісі мен мұнайды тереңдетіп өңдеу өндірісін қарап шықты. Меймандарға технологиялық қондырғылар мен өндіріліп жатырған мұнай өнімдері туралы айтылды. Өндіріс алаңында «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры  Ш.Данбай 1 шілдеде бастау алған жоспарлы жөндеу жұмыстары туралы айтты.  Жөндеу жұмыстары мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру, ароматикалық көмірсутектер өндірісі, кокс және күкірт өндірісі, мұнайды тереңдетіп өңдеу кешендері сынды 15 технологиялық қондырғысыныда жүргізіліп, онда статикалық және динамикалық жабдықты реттеу және тазалау, бақылау-өлшеу аспаптары мен энергетика автоматикасын баптау және ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Каталитикалық крекинг қондырғысында ауқымды жұмыс жоспарланды. Жөндеу жұмыстарына 15 мердігер мекемеден 1 200 ден аса адам жұмылдырылды.
    Сонымен қатар депутаттар зауыт денсаулық пункті базасында ашылған жаңа медициналық орталыққа барды. Қайта құрудың нәтижесінде медициналық мекеме кеңейіп, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды,   В результате реконструкции  медицинское учреждение расширено,   оснащено  современным   оборудованием,  қызметтердің қатары жаңа мамандықтармен толықты, бір сөзбен айтқанда медициналық орталық заман талабына сай. Диагностикалық және емдік қызметтер кешені жоғары жайлылық жағдайында әр пациентке динамикалық бақылау мен дербес қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Қонақтарға короновирустық инфекция белгілері бар қызметкерлерді қабылдайтын оқшаулану орнын көрсетілді. 
   Мәжілісмен және ЖОО ректоры АМӨЗ-де өндірістік міндеттер мен реновациялар коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шаралары жағдайында жүзеге асырылып жатырғандығына көз жеткізді. Зауыт штаттық режимде  жұмыс істейді, сонымен бірге икемді жұмыс схемасы бар: өндірістік персонал әдеттегідей ауысыммен, ал көмекші сектордың қызметкерлері қашықтан қызмет етуде. Зауыттың 75-жылдығына орай ағымдағы жылдың тамыз айында АМӨЗ қызметкерлері Атырау қаласындағы «Victory Park» тұрғын үй кешеніндегі 100 пәтерге ие болады. Жаңа үйлердегі қоныс тойын ең алдымен кәсіпорынға аса  қажетті мамандар тойлайды.  
          Б.Мамраев пен С.Идрисов зауыт басшылығын қонақжайлылықтары үшін алғыстарын білдіріп, алда жоспарлаған ойларын кедергісіз іске асыруларына тілектестік білдірді.

 

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe