АМӨЗ әлеуметтік инфрақұрылымы эпидқауіпсіздіктің заманауи стандарттарына бейімделеді

19.08.2020
1214 views
АМӨЗ әлеуметтік инфрақұрылымы эпидқауіпсіздіктің заманауи стандарттарына бейімделеді

Күрделі жөндеуден кейін ашылған орталық зауыт асханасы - соның дәлелі. Оған келушілер бұрынғыдай тағамның сапасына ғана емес, сонымен бірге коронавирусқа қарсы іс-қимыл шаралары туралы ең маңызды деректерді ескере отырып құрылған эпидемиологиялық бақылау стандарттарына толық сенімді бола алады.

Ең алдымен асханаға кіре берісте ара қашықтық сақталады, дәл сондай көріністі асхананың ішінен де байқауға болады. Медицина тұрғысынан алғанда вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында үстелдер  бір - бірінен алшақ орналасқан. Сонымен қатар, локдаун кезеңінде және қажет болған жағдайда, болашақта да асханада шектеу шаралары енгізілді: залға бір уақытта 20-дан аспайтын қызметкерлерді кіргізбеу. Асхана залы жалпы алғанда 148 орынға есептелінген,  ал түскі ас кезінде 540 адамды қабылдай алады. Жаңғырту кезінде ғимарат жаңа жиһаздармен және де үзіліс кезінде қызметкерлердің демалуына арналған заттармен толықтырылған.


Әрине орталық асхананың ең маңызды бөлігі – ас үй. Жөндеу кезінде тағам дайындауға арналған жаңа құрал-жабдықтармен толықтырылды. Негізгі болып саналатын ыстық цех екі қуатты ПКА 10-1/1 ВМ буконвектоматымен, екі Абат ШЖЭ-2 қуыру шкафымен, екі Абат-Эш-4К наубайханасымен, сэч-045 шойын ыдысы бар электр қуырғыш табақпен және үш КПЭМ-60/9Т, КПЭМ-100/9Т тамақ пісіру қазандарымен жабдықталған. Сондай-ақ, техникалық жаңашылдықтар ыстық тағамдар, салаттар мен салқын тағамдар дайындау, ет пен балықты өңдеу, көкөністерді өңдеу цехтарында, ыдыс жууға арналған бөлмеде орнатылды. Асхана жадынан наубайхана ашылып, жұмыртқа өңдейтін цех құрылды.


Бірақ ас үйде де эпилемиологиялық сақтық шаралары басты назарда. Асхананың барлық қызметкерлері заманауи ас үй "көмекшілерінде" жұмыс істеу үшін қажетті оқытудан өтіп қана қоймай, сонымен қатар жұмысқа келіп-кету және вирустардан жеке қорғану құралдарын пайдалану кезінде денсаулық жағдайына қойылатын жоғары санитарлық талаптарды сақтайды. Үнемі "Медикер" ЖШС медицина қызметкерлерімен өтетін егжей-тегжейлі нұсқаулық Атырау МӨЗ дің санитария және гигиена бөлігіндегі тамақтану қызметінің іс-әрекетін автоматизмге дейін жеткізуге арналған.

Қайта жаңғырту кезінде асханада жуынатын және киім ілетін орындардың саны артты, жуғыш заттарға арналған қойма жабдықталды, сондықтан қол жуу, бөлмеге кірген кезде сыртқы киімді шешу және дезинфекциялау бойынша медициналық ұсыныстар бұлжытпай орындалады.

 Айта кету керек, АМӨЗ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің гигиена және санитария жөніндегі маманы тарапынан асхана жұмысын күнделікті бақылаудан басқа , дайындалған тағамның сапасын бракераждық комиссия тексереді , оның құрамына зауыт ұжымының өкілдері кіреді.
Реновация процесінде асхана цифрландыру объектісіне айналды: мұнда электр қуатын есепке алу енді автоматтандырылған – PERCo-S-20 басқару консолінің көмегімен , қызметкердің электрондық рұқсатын оқу функциясы бар. Қайта құру жұмыстары бойынша асхананың жалпы ауданы 1073 м2 қамтылды. Бөлмеде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді, есіктер, инженерлік коммуникациялар ауыстырылды. Сору желдеткіші жүйесі ауаның үнемі өзгеруін қамтамасыз етеді, бұл қазіргі уақытта адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелері санатына өтті. Енді тамақтану объектісі АМӨЗ-де енгізілген 5S инновациялық бағдарламасының (жұмыс орнын стандарттау) барлық санитарлық-гигиеналық нормалары мен ережелеріне сәйкес келеді.

– Қызметкерлер үшін ең жақсы жағдай жасау, оның ішінде жақсы денсаулықтың негізі болып табылатын сапалы тамақтануды ұйымдастыру – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі, – деді асхананың ашылуында "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай. – Адамдардың дұрыс тамақтануынан еңбек өнімділігі менбүгінгі таңдағы өзекті болып саналатын иммундық жүйесі қалыпқа келеді.


Айта кету керек, Атырау МӨЗ аумағында 4 асхана жұмыс істейді : Мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалду, Кокс және күкірт өндірісі, Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін терең күкіртсіздендіру қондырғылары және Орталық, күн сайын 700-ден астам адам тамақтанады (өндірістік емес персоналдың қашықтықтан жұмыс режимі кезінде 450 адам). Орталық асхананы күрделі жөндеуден өткізу ARMAN жобасы шеңберінде "Rick&Try" ЖШС бас мердігерінің күшімен өндірістік активтерді қайта құру және АМӨЗ қызметкерлерді басқару бөлімдерімен бірлесіп жүргізілді.



«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe