Атырау мұнай өңдеу зауытында 2020 жылдың 10 сәуірінде сағат 11: 01 минутта баяу кокстеу қондырғысында "ыстық" сорғыдан өрт шықты. Өрт аумағы 10 м2 құрады.
"Өрт сөндіруші" АҚФ 16-ӨСБ өрт сөндіру бөлімінің күшімен 11 сағат 27 минутта өрт толығымен жойылды.
Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.
Back to news list