Қымбатты арулар!
Сіздерді Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – гүлге, сыйлыққа және де нәзік әйел затының қуанышы мен күлкісіне толы мейрам. Сіздер қоршаған ортаны ерекше энергетикамен қуаттандыратын, өмір ырғағын орнатушы, жарық сыйлайтын сәуле іспеттес тамаша жаратылыстың бірісіздер. Сіздердің жасампаз үлестеріңіздің арқасында біздің егеменді мемлекетіміз қарқынды дамып келеді.Қазіргі таңда сіздер кез-келген мамандықты еркін меңгеріп, шыңдарды бағындырудасыздар. Әрқайсыңыздың қызметке деген жауапкершіліктеріңіз бар, әр іске ұқыптылықпен, шығармашылықпен қарайтын қасиеттеріңіз бар қызметкер бола білдіңіздер. Жұмысты да адал атқарып, отбасына көңіл бөліп, сонымен қатар әдемі, сүйкімді қалыптарыңызда қалып, айналаңызға, жанұяларыңызға шуақ шашып, махаббаттарыңызды бөліп, қолдап, қорғап жүресіздер!
Осындай шұғылалы жарқын мерекеде, ер азаматтардың атынан сіздерге құрметіміз бен сыйластығымызды білдіре отырып, біздің әлемді нұрландырып, биік белестерге жетуге күш беріп, жақсы көңіл күй сыйлағандарыңыз үшін зор алғыс білдіреміз. Ал біз сіздерге үнемі қолдау білдіріп, ер азаматтардың қамқорлығын сездіруге тырысамыз.
Нәзік жанды аруларымызға шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұя амандығы мен әр істеріңізге береке тілеймін!
«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Шухрат Данбай
Back to news list