28 ақпан күні Атырау мұнай өңдеу зауытының оқыту орталығы базасында зауыттықтарға арналған Co-working орталығының салтанатты түрде ашылуы болып өтті.
Коворкинг-орталықтың символикалық лентасын "АМӨЗ" ЖШС Бас директоры Ш. Данбай және Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Р. Сармурзина қиды.
Орталық опенспейстер мен кеңселерде жұмыс жасау орындарын ұсынады, онда жұмыс істеу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған: компьютерлік сынып , 20 адамға арналған конференц-зал, шағын кітапхана,бірлескен және жеке жұмыс үшін арнайы орындар,cofe - room бар.Сондай-ақ, орталық жаңа жабдықтармен және жоғары жылдамдықты ғаламтормен жабдықталған
Конференц-залда семинарлар, конференциялар, іскерлік кездесулер өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда конференц-байланыс арқылы кеңестер өткізуге болады, бұл зауыттықтарға жұмыс орнынан шықпай-ақ өзекті өндірістік мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.Сондай-ақ,орталықта түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер және басқа да қажетті іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
АМӨЗ ЖШС Бас директоры Ш. Данбай коворкинг - орталығының ашылуы зауыттық жастардың жаңа білімді игеруіне қосымша серпін беретінін және инновациялық идеялар мен батыл жобаларды іске асыру орталығына айналатынын атап өтті.
Айта кету керек, коворкинг - орталық "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ-ның қолдауымен және АМӨЗ бас директоры Ш. Данбайдың бастамасымен "Білім" жобасы аясында жүзеге асырылды.
Back to news list