2020 жылдың 16 қаңтарында" Атырау МӨЗ "ЖШС және MEDIKER компаниясы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қызметкерлеріне кешенді медициналық қызмет көрсету бойынша Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің сервистік келісімшартына" қол қойды. Қол қою рәсіміне АМӨЗ Бас директоры Шухрат Данбай мен «MEDIKER» ЖШС басқармасының төрайымы А.Сегізбаева қатысты.
Серіктестіктің ерекшелігі – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметкерлеріне ұзақ мерзімде (бес жылдық) кешенді медициналық қызмет көрсететіндігінде. Соның ішінде: амбулаториялық-емханалық, стационарды алмастыратын, стационарлық медициналық көмек, сондай-ақ дәріханалық қызметтерді қоса алғанда, стоматологиялық қызметтер көрсету мен оңалту-қалпына келтіру емін көрсету бойынша қызметтер көрсету, өз медициналық орталықтарындағы дәріхана ұйымдары және бүкіл Қазақстан бойынша MEDIKER компаниясына кіретін стоматологиялық клиникалардың қазіргі заманғы желісі негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Келісім шеңберінде медициналық ұйым өз қаражаты есебінен зауытта орналасқан медициналық пунктті жаңғыртуға және ауысым алдындағы медициналық куәландыру шеңберінде қызметкерлердің денсаулық жағдайын анықтау үшін оны заманауи диагностикалық техникамен жабдықтауға міндеттелді. Құжатта MEDIKER-ге медицина кадрларының, оның ішінде медициналық пункттерде жоғары білікті мамандардың болуы мен АМӨЗ қызметкерлерінің бірыңғай медициналық деректер базасын құру жөнінде талаптар бекітілген. Ш. Данбай атап өткендей, аталған келісімге қол қою – бұл Қазақстанда квазимемлекеттік компанияның медициналық Холдингпен ұзақ мерзімді ынтымақтастығының алғашқы тәжірибесі. "Бұл медициналық көмектің барлық түрлерін бір жүйеге байланыстыруға мүмкіндік береді, және де барлық бағдарламалар аясында: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, тікелей қызмет көрсету және өнеркәсіптік медицина, алдын алу үшін жасалынатын тексерулер", - деп түсіндірді А. Сегізбаева. Зауыт пен MEDIKER-дің бірлесуінің арқасында кәсіпорын қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуда, түрлі медициналық жағдайларға жедел және тиімді ден қоюда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сонымен қатар еңбек өнімділігін және жалпы кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға да септігі тимек.
Анықтама үшін:
Жобаны іске асыру ҚР "Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы" Заңына, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің "Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына және ҚР "Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады."Самұрық-Қазына "Ұлттық әл-ауқат қоры "АҚ және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімді басқару құқығында" Самұрық-Қазына "АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережелерінің" 138-тармағы 12-тармақшасы негізінде жасалатын болады.
АМӨЗ қоғаммен байланыс қызметі
Back to news list