«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ тобына кіретін Атырау мұнай өңдеу зауыты –ең төменгі сүзгіден өту температурасы минус 38С болатын аязға төзімді дизель отынын өндіру және жөнелту қондырғысын іске қосты.
"Қазақстанның көптеген аймақтарында күннің суытуына байланысты аталмыш отын отандық тұтынушылар арасында кеңінен сұранысқа ие болады. Бірінші партия Атырау мұнай өңдеу зауытында 14 қарашада жөнелтілді, бүгінгі күні 3088 тонна тиелді. Атырау МӨЗ қараша айында 3500 тонна мұнай жөнелтуді жоспарлап отыр", - деп хабарлады "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов.
Khazar -38 дизель отыны-зауыт пен бүкіл Қазақстан үшін бірегей өнім. Ол К5 экологиялық класқа сәйкес келеді, яғни құрамында күкірт пен парафиндері жоқтың қасы және құрамында төмен температура қасиеттеріне әсер ететін қоспалар жоқ, сондықтан бұл технологиялық процестің таза өнімі.
Қазақстанда мұнайды терең өңдеу кешенінің Prime D дизель отынын гидротазалау және депарафинизациялау қондырғысында ғана мұндай қатуы төмен отын өндіріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың соңында АМӨЗ жаңа мұнай өнімдерінің бірнеше түрін шығара бастады, олар: К5 экологиялық класынан сүзудің шекті температурасы -25 болатын дизель отыны және сүзудің шекті температурасы -32 болатын дизель отыны (Khazar). Бұл ауқымды жаңғырту аясында салынған мұнайды терең өңдеу кешенінің жаңа қондырғыларын іске қосудың арқасында мүмкін болды. Осылайша, бүгінде АМӨЗ қысқы дизель отындарының келесі түрлерін өндіруге мүмкіндігі бар:яғни, олар сүзудің шекті температурасы -15С,-25С, -32С, -38С болатын дизель отындары.
Back to news list