АМӨЗ-де 59 мың шаршы метр жаңа асфальт пен бордюрлер салынды.

31.10.2019
1216 views
АМӨЗ-де 59 мың шаршы метр жаңа асфальт пен бордюрлер салынды.

«Жаңа Жол» жобасы Атырау мұнай өңдеу зауытында аяқталды, оның барысында зауыттың ішкі жолдары қайта құрылды. Жаңа асфальтбетон жамылғысы бордюлерді қоса алғандағы жалпы шекарасы шамамен 59 мың шаршы метрді құрады.

Қызмет көрсететін көлік пен зауыт қызметкерлерінің қозғалыс қауіпсіздігі үшін 16 автобус аялдамасы орнатылды. Олар берік шыныдан және металл құрылымдарынан жасалған және орындықпен жабдықталған. Енді зауыт қызметкерлері қажетті көлікті жылдың кез келген уақытында қауіпсіз жағдайда күте алады. Сондай-ақ, 180 жол белгілері орнатылды, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге белгі қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында "АМӨЗ" ЖШС-нің бас директоры Ш. Данбайдың бастамасы бойынша зауытшылардың цехтар арасында ұтқыр қозғалу үшін 200 жаңа велосипед сатып алынған болатын.

Жоба бойынша жұмыс құжаттамасын "КИНГ" ЖШС орындады, ал құрылыс-монтаж жұмыстарын "Нефтестройсервис Лтд" ЖШС жүргізді.".

"Jan' a Jol жобасы - зауыттықтардың еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған АМӨЗ-де жүзеге асырылып жатқан алты инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Біз сондай – ақ өндірістік қызмет ғимараттарын қайта жаңартамыз, жұмыс орындарында тәртіп орнатамыз, телекоммуникацияларды жаңғыртамыз-жалпы алғанда, біздің қызметкерлердің сапалы және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Кәсіпорындардағы барлық өндірістік процесс осыған байланысты", - деп атап өтті Ш. Данбай.

Back to news list

Keep up with the latest news.
Subscribe newsletter!
Subscribe